«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда мұнайшылар балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық балын өткізді

2018 жылғы 29 Қараша
- Атырау облысы
5782 просмотров

«ЖігерМұнайСервис» компаниясы «Атырау облысының кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына»  қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық балын ұйымдастырды.

 «Ренессанс» қонақүйінде өткен керемет балға 200-ден астам қонақ жиналды, олардың қатарында мемлекеттік органдар, Атыраудан ғана емес еліміздің басқа өңірлеріндегі отанлдық және шетелдік компаниялардың өкілдері болды. Іс-шараға ақпараттық қолдауды Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы көрсетті.

 «ЖігерМұнайСервис» компаниясы 18 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде кәсіпорын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Биыл форматты сәл өзгертіп, іс-шараны қайырымдылық балы ретінде өткізуді шештік. Үмітіміз толықтай ақталды, бізге бизнес бойынша әріптестіріміз белсенді қолдау көрсетті. Бұдан бөлек атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасына алғыс білдіреміз, команда қайырымдылық балына толық құраммен келіп, аукционға хоккей сырғытпа таяғы және ойыншылардың қолтаңбалары қойылған майкаларды қойды. Акциямыз Бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне пайдалы болады деген үміттеміз, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізетін боламыз», – деді «ЖігерМұнайСервис» ЖШС бас директоры Грациано Салтарелли. 

Іс-шара аясында қонақтар опералық әншілердің шырағуын тыңдап, тірі музыканы тыңдап, би билеп, көңіл көтерді. Өнерді сүюшілерге отанлық суретшілердің туындылары ұсынылды. Барлық қатысуышалрға сыйлықтар лотореялық ұтысы ұйымдастырылды. Кештің ең қызықты бөлігі аукцион болды, оған лот түрінде Атырау облысының кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының балалары жасаған картиналар, қолөнер бұйымдары қойылды.

 «Орталығымыздың атынан барлық тәрбиленушілеріміздің атынан «ЖігерМұнайСервис» компаниясына осындай қайырымдылық балды өткізгені үшін алғыс білдіргім келеді. Жиналған қаражатқа балаларға арналған жаңа жиһаз алуға жұмсайтын боламыз. Әрине, мемлекет бізге жан-жақты қолдау көрсетеді. Бірақ, бизнестің де қолдау көрсеткені қуантады. «ЖігерМұнайСервис» компаниясы жасаған сыйлық балаларды келе жатқан мерекелер қарсаңында қатты қуантатынына сенімдімін», – деді орталық директоры Ғалия Бижанова.

«ЖігерМұнайСервис» ЖШС 100%-дық қазақстандық қамтумен ірі мұнай сервисті кәсіпорын болып табылады. Компания үздік халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге негізделген мұнай-газ секторында жоғары сапалы қызмет көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер