«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Danone Berkut: Қазақстанда №1!

2018 жылғы 10 Желтоқсан
- Жетісу облысы
23920 просмотров

Danone компаниясы үшін Қазақстан сүт бизнесіндегі Ортаазиялық хабқа айналды.

Danone – сүт өнімдерін өндіру мен сатуда әлемдегі көшбасшы. Бүгінде 180 елде 100 000 адам осы компанияда жұмыс істейді.

Қазақстанда өнім импортымен айналысқан алғашқы өкілдік 2007 жылы ашылды. Қарқынды өсу нарықтың келешектігі мен ары қарай даму қажеттілігін көрсетті. Кеңсенің белсенді дамуы мен сатылым командасының өсуі 2009 жылы байқалды, ол уақытта жергілікті өндірісті ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша 2010 жылы Іле ауданы Байсерке ауылында Danone Berkut зауыты ашылды.

Зауыттың ашылуы Қазақстан мен Франция арасында айтулы оқиғаларлдың біріне айналды. Еуропалық инвесторлар Danone-ның Қазақстандағы алғашқы зауыты (қуаттылығы 24 мың тонна сүт өнімі)  құрылысына 21 миллион еуро (4,2 млрд теңге) салды.

 Ауылдың Алматы қаласына жақын орналасқаны арқылы компания зауыты Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанға тасымалдарды ұйымдастырды.

 Danone Berkut «Растишка», «Простоквашино», «Активиа», «Био-баланс» сауда марқалары арқылы танылды. Ассортимент қышқыл сүт өнімдерінің елуден астам түріне жетті.

Danone Berkut өнімі түрлі брендеттермен барлық дерлік сауда нүктелері сөрелеріне қойылған.

 Кәсіпорын тұтынушы өзіне керегін алуы үшін ассортиментке көп жаңашылдық енгізуге тырысты. Мұнда өнім дәмін қазақстандықтардың талғамына сай икемдеді, ішуге арналған  қышқыл сүт өнімі ретінде – ішуге арналған йогурттарға басымдық жасалды.

Бұдан бөлек Danone Berkut шикізатты жергілікті тұрғындардан сатып алып, отандық жеткізушілерге қолдау көрсетеді. Компания 2300 жеткізушімен жұмыс істейді, оның 1800-і – қазақстандық компаниялар мен фермерлік қожалықтар.  

 Байсерке ауылындағы зауытта 70 адам жұмыс істейді. Сүт алыбының қазақстандық өкілдігінде жалпы 370 қызметкер бар. Кәсіпорын мамандарының айтуынша Қазақстанның білікті мамандары Ресей, Украина және Францияның Danone-да жұмыс істейді. Компанияны Danone Беларусь және Danone Ресей топ-менеджер болған Жиля Бурло басқарып отыр.

   Биыл Danone Berkut сапа саласында мықты белгіні қанжығаға байлауды мақсат етіп отыр.  «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауда «Danone Berkut» ЖШС ІІ орын иеленіп, респбликалық кезеңге жолдама алды. Бүгінде компания он шақты  компания арасында үздік атануға талпынып отыр.

 Айта кетелік, 11 желтоқсан күні Астана қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқаудың жеңімпаздары марапатталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер