«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ірі компанияларды жергілікті азық-түлікпен қамту мүмкін бе?

12 Желтоқсан 2018 - Атырау облысы
1277 просмотров

Форумның негізгі мақсаты – Атырау облысындағы ірі компаниялардың қажеттіліктері үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы барлық тараптардың өзара әрекеттестігі және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен жеткізудегі қазақстандық қамтуды арттыру.

Форумды Стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі кеңес, Атырау обылсы кәсіпкерлер палатасы, «QazBusiness» кәсіпкерлердің өңірлік қауымдастығы және «Теңізшевроил», «North Caspian Operating Company» компаниялары ұйымдастырды.

«Осындай форумды ұйымдастыру арқылы біз Атырау облысы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және Тенгизшевройл мен NCOC сынды ірі мұнай-газ компаниялармен ынтымқтастықты жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Осылайша келешекте жергілікті тауарлар мен өнімдер осы компанияларлдың сатып алуларында артатын болады. Мұндай кездесулер жалғасын табатын болады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ірі компаниялармен бірігіп, мониторинг жүргізу мен өзара әрекеттесу бойынша Жол картасын әзірлеуді жоспарлап отыр», – деді ӨКП директоры Абдолла Идресов. 

Форумда айтылғадай, Атырау облысында қазіргі таңда 50 мыңға жуық бизнес субъектісі бар. Оның ішінде 25 мыңы Атырау қаласында орналасқан. Ал өнім өндірушілерінің импорттаушылардан қарағанда  саны 10 есе аз. Олардың саны 800-ге жуық. Статистикаға сәйкес мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық қамтумен ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушілердің үлесті 30% ғана. Келешекте бұл көрсеткішті 50%-ға дейін арттыру көзделген. Өнімдер өнеркәсіптік ауқымда сатылып алынады – мыңнан астам тонна сүт пен ет, миллиондаған дана жұмыртқа. Сондықтан өнім барлық санитариялық нормалар талаптарына жауап беруі тиіс. Алайда жергілікті тауар өндірушілер ішінен ірі компнаиялардың талаптарына бір-екеуі ғана сай келеді.

 «Жеткізушілеріміздің 98%-ы – жергілікті компаниялар, олар Атыраудан ғана болмауы мүмкін, мысалға Алматы, Павлодардан болады, бастысы – отандық. Бұл нені білдіреді? Қазақстандық компаниялар өнім шығарады, бірақ Атыраудан шалғайда. Неге бұлай болады? Осының бәрі Атырауда шығуы үшін не істеуіміз керек? Өйткені алыстан тасымалдау үлкен шығын. Ал өзімізден шықса арзан болар еді», – деді «ТШО» еншілес компаниясы «Compass» ЖШС бас директоры Николай Плещев.

 Жалпы форум барысында өнімді өткізуге қызығушылық танытқан өндірушілер ұйымдастырушылар, мердігерлік компаниялар басшыларымен тікелей сұхбаттаса алды. Олар бас мердігерлердің тамақтану саласында нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға болады, жеткізушілерді іріктеу критерийлері қандай, санитарлық нормалар, ветеринарлық стандарттар, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға арналған құралдар туралы ақпарат алды.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер