«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау кәсіпкерлері оқушыларға арнап шеберлік сабақ өткізді

21 Желтоқсан 2018 - Атырау облысы
1579 просмотров

Атырауда танымал кәсіпкерлер «Кәсіпкерлер негіздері» атты жаңа оқу пәні шеңберінде мектеп оқушыларына арнап шеберлік сабағын өткізді

 Атырау қаласы №30 мектеп-гимназиясының 10 сыныбында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінің кезекті сабағы өңір кәсіпкерлері – «Береке» компаниялар тобы» ЖШС директоры Әсет Тұяқбаев және «ZetGlobalSupport» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры Дархан Кенжебаевтың қатысуымен өтті. Қос бизнесменнің кәсіпкерлік саласында тәжірибесі мол, табыс тағылыммен олар оқушылармен бөлісті.

 Әсет Тұяқбаев екі жыл бұрын өңірде алғашқы рафинадталған қант зауытын ашты. Оның айтуынша, табысты бизнес ең әуелі дұрыс таңдау – идеядан құралу керек. Ал Дархан Кенжебаев кәсіпкердің басты қасиеттерін атап өтіп, оқушыларға таңдалған мақсатқа қарай табанды жүру керектігін айтты.

«Атырауда «Кәсіпкерлік негіздері» пәні пилоттық жоба ретінде №30 мектеп-гимназиясының оқу бағдарламасына енді. Келесі жылдан аталған пән өңірдің барлық мектептердің 10-11 сыныптарына дербес пән ретінде оқытылады деп күтілуде. Айта кетелік, бұл пәнді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым минситрлігі бірлесіп әзірледі. Пәннің негізгі мақсаты – мектеп оқушыларында кәсіби бағдарды кәсіпкерлік қызметті жүргізу машықтарын қалыптастыру. Оқу аяқталған соң мектеп түлектері кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білімге ие болатыны болжануда», – Атырау облысы ӨКП бөлім бастығы Қуанғали Қожантаев.   

 Кәсіпкерлік негіздеріне оқушылар аптасына екі сағат оқиды. Курс терориядан, сондай-ақ, бизнес нысандарына бару және кәсіпкерлер ұйымдастыратын шеберлік сабақтар практикасынан тұрады. Қазіргі сабақ барысында оқушылар қонақтарға өздерінің алғашқы бизнес жоспарларын таныстырды.

 

«32 жылдық жұмыс тәжірибесі бар педагог ретінде айтарым, бұл пән мектеп бағдарламасына өз уақытында енгізіліп жатыр. Мәселен, менің сыныбымда 16 оқушы бар, олардың ата-аналарының басым бөлігі – кәсіпкерлер. Демек, бұл балалар болашақта отбасы бизнесін жалғастырушылар. Мектеп қабырғасында балалар кәсіпкерліктің базалық білімін алып шығады, ары қарай бизнеспен айналысу оңай болады. Балаларға жаңа пән ұнайды, сабақтар негізінен ойынға құралған», – деді «Кәсіпкерлік негіздері» пәнінің мұғалімі Мәнет Өтепқалиева.

 Оқу құралына келетін болсақ, қазір екі нұсқа сыналып жатыр. Нәтиже жоба әзірлеушілеріне беріледі.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер