«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы іске қосылды

2019 жылғы 27 Наурыз
- Алматы қаласы
7993 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Жобалық алқа іске қосылды

Өңірлік жобалық алқа құрамына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, екінші денгейлі банктердің («Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ,  «Нұрбанк» АҚ) өкілдері қатысты. Өңірлік жобалық алқаның төрағалығына Алматы қаласы ӨКП директоры Бағдат Телебай тағайындалды.

Жобалық алқа жұмысының негізгі бағыты – өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларды қаржыландыру шеңберінде сүйемелдеу көрсету болмақ. Жобаларды қаржыландыру механизміне сәйкес қарыз беру мерзімі 7 жыл, соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі «Бизнестің жол каратасы-2020» бағдарламасы аясында субсидиялау арқылы  – 8%-ды құрайды.

 Жобаларды сүйемелдеу бизнес-жоспарды құрудан бастап толық жүзеге асқанға дейінгі кезеңді қамтиды, кәсіпкер қажетті қолдауды «қол режимінде» ала алады. Мұндай кешенді қолдау жаңа өндірістерді ашуға, жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды өндірістік өнімділігі мен қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 «Бағдарлама шеңберінде бастапқы өңдеуден бастап дайын өнім өндірісіне дейінгі аралықта өндірістік циклдың барлық кезеңдерінің дамуына баса назар аударылады. Мәселен, «қант қызылшасы-қант-кондитерлік өнімдер» тізбегін алуға болады. Мамандарымыз кәсіпорындарға диагностика жасау, жергілікті атқарушы органдармен бірге құжаттама, кепілдікті қамтамасыз ету, өткізу нарықтарын табуда туындаған түйткілді мәселелерді шешетін болады», – деді Алматы қаласы Жобалық алқасының төрағасы Бағдат Телебай.

Естеріңізге салсақ, биыл Елбасының тапсырмасымен халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат және бастапқы өңдеу өнімдер өндірісін қолдауға Үкіметтен 600 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдауға бағытталады.

 Айта кетелік, Бағдарлама аясында дайын өнім өндірісіне ғана емес, сондай-ақ қажетті шикізат және бастапқы өндеу өнімдерін шығаруға қолдау көрсетіледі. Жалпы Бағдарлама 2025 жылға дейін тауардың 365 түрі бойынша өндірісті 2,4 есеге ұлғайтуға, сонымен қатар импорттың үлесін 37%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

 Жобалық алқаның мекенжайы: Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135, 2-блок, 8-қабат. Анықтама телефоны: 8 (727) 33-101-33. Эл. пошта: almaty@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер