«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Балалар технопаркі»Техникалық шығармашылық үйі»

2019 жылғы 15 Сәуір
11662 просмотров

Мемлекет және заңды тұлғалардың қатысуымен ашылғалы отырған Теміртау әкімдігіне қарасты «Балалар технопаркі»Техникалық шығыармашылық үйі» Мемлекеттік Қазыналық Комуналдық Кәсіпорыны жайлы барлық сұрақтар «Атамекен» алаңында талқыға түсті.

Аталмыш мекеменің мекенжайы – Теміртау қаласы.

Қамту аясы: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы әкімшілік-аймағы

Мекеме құрылтайшысы Теміртау қаласы әкімдігі, «Теміртау қалалық Білім басқармасы бөлімі».

Мекемені құрудағы басты мақсат – техникалық білім берудегі заманауи көзқарас, оқушылардың дамуы және және тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосу.

Мекеменің басты міндеттері:

1. Баланың өзін тануына көмектесу, техникалық қабілетін одан әрі ұштау, қоғаммен араласуға баулу;

2. Білім берудегі жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушыны әрі қарай дамыту;

3. Робототехникаға деген қызығушылығы бар баланы қосымша оқулықтар мен бағдарламалар арқылы оқыту;

4. Қолдан жасалған және механикалық өңдеуден өтен материалдар арқылы қосымша бағдарламалар оқыту;

5. «Автокөлік жүргізушілерін даярлау» курсы бойынша автотехникалық бағдарламаны жүзеге асыру;

6. Ғылыми-тәжірибелік жұмыстар арқылы еңбек қабілетін дамыту;

7. Оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін қалыптастыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер