«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан шенеуніктер қаласынан бизнес және жастарға арналған қалаға айналып келеді – Тимур Құлыбаев

2019 жылғы 19 Қыркүйек
5748 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өткен Кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясы барысында айтты

«Атамекен» басшысы елорда мәртебесіне сай келетін мамандарды дайындау сапасының маңыздылығын атап өтті. Нұр-Сұлтан шенеуніктер қаласынан бизнес және жастарға арналған қалаға айналып келеді.

 «Жұмыс берушілер ретінде жоғары білім беру және кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне арнап мамандар бойынша тапсырысты нақты қалыптастыруда өз міндетімізді көріп отырмыз. Кәсіптік-техникалық білім берудің өзіне қала 6 млрд теңге шығындайды. Бұл мәселеде сұранысты түсіну маңызды. Қала өсіп, дамып жатыр. Мәселен, қазіргі таңда Елорда туризмін дамыту жөнінде жол картасы жаңартылуда. Елордада медициналық туризмді қоса алғанда, туризмнің түр-түрін дамыту жоспарланған. Бұл салаларға да мамандар дайындау керек. «Атамекен» осы бағытта барлық қажетті міндеттерді анықтау мақсатында Білім министрлігі және қала әкімдігімен жұмыс істеп жатыр», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер