«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне жасалған қылмыстық шабуылдарға қарсы күресте мемлекеттің әрекетсіздігі: қорытынды қандай?

2020 жылғы 29 Қаңтар
10804 просмотров

2020 жылдың 29 қаңтарында Қайырбек Сүлейменовтың төрағалығымен, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнестің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібінде бизнес үшін маңызды мәселе: қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтары мен мүддесінің қорғалуы туралы ақпаратты талқылау.

«Қолға алынған құқықтық және ұйымдастырушылық шаралармен соңғы 4 жыл ішінде кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істерді тіркеу 5 есе қысқарған.  Қамауға алуды қолдану төмендетілді,  әкімшілік және қылмыстық заңнама ізгілендірілді, бақылау-қадағалау функциялар 3 есеге дейін қысқартылды. Осы ретте кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіргені үшін қылмыстық қудалаудың болмауы елдегі бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін шектеуде», – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

Өткен жылдың басында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында: «...бизнестің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әрекеттер мемлекетке қарсы қылмыс деп танылуы тиіс. Осыған орай заңнамалық сипаты бар қосымша шаралар қабылдау қажет. Парламент пен Үкімет осы мәселені шешу жолдарын ұсынуы керек» делінген.

Осы ретте талқылау кезеніде айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 365-бабында қарастырылған қылмыстарды жасауда соңғы 4 жыл ішінде 23 қылмыс тіркелген. Соның ішінде сотқа – 16 іс жіберілді, 5 іс – тоқтатылды, сотталғандар саны – 0, өндіріспен тоқтатылғаны – 2 іс.

Жаңа Қылмыстық кодексті енгізу сәтінен бастап бірде бір өкілетті тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Бұл жайт кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жүйелі олқылықтарға ие, сондықтан оның практикада қолданылуы шектелген. Атап айтқанда, кінәлі адамдардың қылмыстық әрекетін нақтылаудың болмауы оны практикада қолдану кедергі тудырады.

 ҰКП мамандарының пікірінше, Қылмыстық кодексте кәсіпкерлік қызметті шектейтін қылмыстық жазаланатын әрекеттер тізбегінен тұратын жекелеген тарауды енгізу қажеттілігі туды.

Мысалға Өзбекстан тәжірибесі келтірілді, Ондағы қылмыстық кодексте жекелген 13.1-тармақ қарастырылған: «кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру, заңсыз араласуға байланысты қылмыстар және шаруашылық жүргізуші объектілердің заңды мүдделері мен құқығына қастандық жасауға қатысты басқа да қылмыстар» (11 құрам). Онда кәсіпкерлік қызметтерге кедергі келтіру бойынша жекелген құрам жоқ. Осы ретте заң шығарушы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдесіне қастандық жасайтын барлық мүліктік, экономикалық және сыбайлас қылмыстарды біріктірді.

Қайырбек Сүлейменовтың айтуынша, соңғы 25 жыл ішінде қылмыстың өзіндік түрі қалыптасты – кәсіпкерлік субъектілерге қарсы өзінің спецификалық белгілері мен сипаттары бар қылмыс. Қылмыстың бұл түрі айтарлықтай жаппай көрініс тапқан, тарихи құбылмалы, әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие.

Осыған байланысты Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабында белгіленген қылмыстық жауаптылық кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін кәсіпкерлік жауапкершілікті оның іс жүзінде қолданылуын шектейтін барлық формадағы қылмыстық тыйым салуды қарастырмайтындығын мойындау қажет деп санайды.  

Кеңес ҚР Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға Қылмыстық кодексте заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру үшін жауапкершілік тарту туралы баптан тұратын жеке тарау әзірлеуді ұсынады.

«Сотқа дейінгі тергеуде, сондай-ақ  қылмыстық істер бойынша сот дауларында кәсіпкерлердің құқығын ұстану бизнес субъектілерінің құқығы мен заңды мүдесін қорғауда үлкен мәселе болып табылады», – деді Кеңес төрағасы.

 Алайда Кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан кәсіпкерлерін құқығын қорғау жөніндегі уәкіл заңды тұрғыда қалмыстық процесте кәсіпкерлердің құқығын қорғау мүмкіндігінен айырылған.

 Кеңес қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында және қылмыстық соттарда кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға «Атамекен» сарапшылары мен бизнес-омбудсменнің қатысуына құқық беру туралы өзгерістер енгізуді бастамалау ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер