«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» коммерциялық мүлікті жалға алуға қатысты дауларда медиация қызметін көрсетеді

2020 жылғы 30 Наурыз
7375 просмотров

«Атамекен» және әкімдіктер жалға алушылар мен жалға берушілер арасындағы дауларда медиатор қызметін атқарады. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір айтты

«Атамекеннің» дәстүрлі онлайн брифингі бүгін жалға алу мәселелеріне арналды. Бұл өңірлерде кәсіпкерлер жиі тап болатын проблемалардың бірі.

 Мемлекет немесе квазимемлекеттік сектордан мүлікті жалға алу мәселесі кәсіпкер пайдасына шешілді, 20 наурыздан бастап мемлекет мүлігін жалға алушы кәсіпкерлер жалға алу құнын төлеуден 3 айға босатылды. Ал бизнес орынжайды бизнестен жалға алған болса, онда мәселе шешімін тапқан жоқ. Сондықтан даулар өңірлік кәсіпкерлер палаталары және жергілікті атқарушы органдардың медиаторлық көмегімен жекелеген тәртіпте шешілуде.

 «Жалға беруші жалға алушының жұмысы тоқтаса да оны төлемдерден босатуға әзір бола бермейді немесе мұндай мүмкіндігі жоқ. Мұндай жағдайда сізге Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгіну керек. ӨКП базасында осы мәселелерді шешуге арналған жұмыс топтары құрылған, жұмыс топтары әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста. Мемлекет басшысы әкімдіктерге жалға алу мәселесін шешуге атсалысуды тапсырған болатын. ӨКП сарапшылары медитаор қызметін атқарады, ымыра тауып, жалға берушіге мүмкіндігінше жалға алу құнын жоғалтудан болатын кері салдарды болдыртпауға көмектесетін болады», – деп атап өтті тікелей эфир барысында Шыңғыс Темір.

 Төтенше жағдай кезеңінде бизнестің негізгі сұрақтарына жауапты мында табуға болады. Төтенше жағдайда қандай кәсіпорындар жұмыс істейді. Төтенше жағдай кезеңінде бизнеске арналған негізгі құжаттар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер