«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мониторингтік топтар жұмысы: сұрақ-жауап

19 Қараша 2020
2182 просмотров

 Мониторингтік топтар қандай принцип бойынша қалыптасуы керек? Мониторингтік топтың мүшелері қандай өкілеттілікке ие? Осындай топтардың жұмысы қандай құжаттармен регламенттеледі? Осы және басқа да сұрақтарға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір. 

   «Мониторингтік топ – соңғы уақытта отандық кәсіпкерлердің барлығына жақсы таныс терминге айналды. Мұндай топтардан қорқады, мұндай топтарды күтеді, топтар жүргізген тексерулер нәтижесінен кәсіпорынның келешегі байланысты. Кәсіпкердің санитарлық талаптарды орындағанын тексеретін топ құрамына кімдер кіреді?»

 «Мониторингтік топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктер) қызметкерлері, құқық қорғау органдарының (полиция) қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, еріктілер мен белсенділер кіреді, алайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілдері топ құрамында бола бермейді», – деді Шыңғыс Темір.  

 Ұлттық палата өкілінің айтуынша, топта СЭҚ қызметкерлерінің болмауының себебі қңірлерде адам саның жетіспеуіне байланысты әрі заңды бұзу болып саналмайды. Сонымен қатар кәсіпкерлер мониторингтік топ мүшелерінің біліктілігіне қатысты күмән келтіруде.

 


Серіктестер