«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» айыппұл мөлшерін санитарлық норманың бұзылу деңгейіне қарай тағайындауды ұсынды

23 Қараша 2020
3529 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП айыппұлдар мөлшерін санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы мөлшеріне шамалас етуді ұсынды. Ұлттық палата позициясын Шыңғыс Темір хабарлады. ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Президенттің осы тапсырмасы қағаз жүзінде қалатынына алаңдаулы

 «Президент жауапкершілікті жіктеуді атап өтті. Ведомствоаралық комиссия хаттама қабылдады, 21 қарашаға дейін осының бәрін бекітетін сәйкес нормативтік түзетулерді қабылдау керек. Уәкілетті орган – Денсаулық сақтау министрлігі осының бәрін формальді түрде іске асырып жатыр. Түзетулер жобасы бізге келіп түсті, онда осы жіктеу бар. Тексеру парағында талаптар тізімі 24 тармақтатан 21 тармаққа дейін қысқартылған да. Ол бойынша тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлерінде ауырлық дәрежесі бойынша: «кішігірім», «айтарлықтай», «өрескел» деп бөлінген», – деді Шыңғыс Темір.

 Алайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес бұзушылықтарға қарастырығна жазалау ауырлық дәріжесіне байланысты емес. Демек, кәсіпкер санитарлық өңдеудің журналын кестесін жүргізбесе ал екінші кәсәпкерлер барлық санитарлық нормаларды бірдей бузса да екі кәчіпкерге бірдей айыппұл салынады.

 Осы бапты бұзу үшін айыппұл мөлшері 2019 жылдың көктем айында еселеп өсіп, келесідей болды:

 -жеке тұлғаларға 30 АЕК (84 мың теңге немес 200 АҚШ доллары);

-өкілетті тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым өкілдеріне 230 АЕК (640 мың теңге немесе 1,5 мың АҚШ доллары);

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 310 АЕК (860 мың иеңге немесе 2 мың АҚШ доллары);

-ірі кәсіпкерлік субъектілері 1600 АЕК (4,4 млн теңге немес 10,5 мың АҚШ доллары).

«Біз осы санкцияны жіктеу бойынша ұсыныс айттық. Егер бұзушылық көлемі болмашы болса, айыппұл көлемі де соған сәйкес болады, егер бұзушылық өрескел болса қатаң жаза қолданылады. Ол үшін Құқық бұзушылық туралы кодекске кіру керек, онда өзіндік процедура бар, осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Органдардың кейбірі бізбен келіспейді. Біздің позициямыз айыппұл мөлшері бұзушылық көлеміне сай болуы керек. Әзірге 425-бапта мұндай түзету жоқ, бірлескен бұйрық айыппұл мөлшеріне әсер етпейді», – деп Шыңғыс Темір қорытындылап, Ұлттық палатаның заңнамаға түзетулер енгізуге ниетті екенін айтты.


Серіктестер