«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық жеткізушілер сербиялық кәсіпорындармен тәжірибе алмасты

25 Қараша 2020
1281 просмотров

Халықаралық компаниялар жеткізушілер қызметін дамыту және қолдауда тәжірибемен алмасты. Сербияға жасалған стади-тур Қазақстанда жеткізушілер қызметін дамыту жобасы аясында өтті.

 Мұнай және газ, металлургия және тау-кен қазу секторынан жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктің 14 өкілі жол қоршауларын, болат құбырларын өндірушілер мен жеткізушілер кәсіпорындарына және Vojvodina Metal Cluster (VMC) сербиялық металлургиялық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ірі бизнес-қауымдастыққа барды. Сонымен қатар Чачак, Златибор, Темерин, Нови-Сад және Обреновац кәсіпкерлерімен кездесті.

 «Мен Жеткізушілерді дамыту жобасына қатысу, атап айтқанда танысу сапары тамаша нәтиже береді деп күтпеп ем. Стади-тур қорытындысы бойынша сербиялық компаниямен келіссөздер жүргіздік, Сербияға жабдық экспорттау үшін қандай құжаттар қажеттігін сараладық. Осыған байланысты біз екі жолды қарастырып отырмыз: жабдықты Қазақстанда жинап, Сербияға жөнелту, не осында өндіріп, Сербияда жинау. Біз компаниямыз үшін жеткізілімдердің жаңа тізбегін құруды жоспарлап отырмыз», – деді «Проманалит» және «ПромМониторингГрупп» компаниялар тобының директоры Игорь Исупов.

Тур аясында қазақстандық және сербиялық компаниялар В2В кездесулерін өткізді, алдағы ынтымақтастық туралы келісті.

 Жеткізушілер қызметін дамыту жобасы «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы, «Атамекен» ҚР ҰКП әріптестігімен Дүниежүзілік банк және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен жобасы.


Серіктестер