«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістандық кәсіпкерлер палатасында карантинде кім жұмыс істей алатындығы туралы айтылды

2020 жылғы 25 Қараша
- Түркістан облысы
7330 просмотров

20 қарашада Түркістан облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың №45 санды жаңа қаулысы шыққан болатын. Құжақа сәйкес кинотеатрлар, жәрмеңкелер мен мал алаңдарының жұмысына рұқсат етілген.

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылған кездесуде Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Алдарқұл Ахметов айтып берді.

Кездесу облыстың 15 ауданының кәсіпкерлерін қосу арқылы онлайн және офлайн форматта өтті, сондай-ақ палатаның facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфир жүргізілді.

Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қойып, қаулы талаптарын орындау кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Алдарқұл Ахметов нысандардағы санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралардың алгоритмін айтып, қаулыларда айтылған талаптарды түсіндірді.

Кездесу барысында айтылған маңызды мәселелердің бірі-мониторингтік топтардың жұмысы.

Бизнес тарапынан мониторингтік топтардың құрамындағы кейбір полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты шағымдар айтылды.

Өз кезегінде, аудан кәсіпкерлері кейбір кәсіп түрлерінің (құрылыс дүкендері, моншалар және т.б.) жұмыс уақытын ұлғайту бойынша ұсыныстар айтты.

Бизнестің ұсыныстары мен өтініштерін санитарлық дәрігер тарапынан қолдау тапты.

Кездесу соңында кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков Алдарқұл Ахметовке бизнеспен өткізілген диалог үшін алғыс айтып, осындай кездесулер облыс кәсіпкерлері тарапынан қажеттіліктің туындауына қарай тұрақты түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.

«Қазіргі кезде облысымыздағы эпидемиологиялық жағдай басқа өңірлерге қарағанда біршама тұрақты әрі облыс жасыл зонада. Алайда, немқұрайлылық танытып санитарлық нормаларды бос ұстауымызға жол бермеуіміз қажет»,-деп атап өтті Палата басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ведомствоаралық комиссия 17.11.2020 жылы бірқатар шешімдер қабылдады, оның ішінде ҚР және өңірлердің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды.

Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын-ала дайындалуға мүмкіндік бермек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер