«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2020 қорытындысы: кәсіпкерлік негіздеріне кәсіптік-техникалық колледждердің 1500 студенті оқып шықты

2021 жылғы 25 Қаңтар
- Астана қаласы
4854 просмотров

Нұр-Сұлтанда 2020 жылы қаланың колледждерінен 1500-ге жуық студент «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқып, тиісті сертификаттарға ие болды

Оқуға елордадағы тоғыз колледждің студенттері қатысты. Карантиндік шектеу шараларына байланысты оқыту онлайн режимінде жүргізілді.

«Жоба аясында Нұр-Сұлтандағы техникалық және кәсіптік білім берудің 43 оқытушысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның 21-і – 2019 жылы, 22-сі – 2020 жылы біліктілігін арттырды. Колледждерден басқа орта мектептердің 10-11 сыныптарында элективті пән оқытылады. Өткен жылы елордалық мектептердің 30 мұғалімі де онлайн-курстан өтті. Осы жоба аясында оқудан басқа, Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП кәсіпкерлердің қатысуымен қонақ дәрістерін ұйымдастырды», – деді Нұр-Сұлтан Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрлан Қаиршин.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті оқытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның екінші бағыты бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, соны ішінде кәсіпорындар базасында  оқытуды ұйымдастыру үшін «Атамекен» ҰКП Білім беру ұйымдарының тізіліміне 76 оқу орталығы енгізілді (кәсіпорындар жанында 51). 2018 жылы – 9 оқу ортылығы, 2019 – 62 оқу орталығы, 2020 жылы – 5 оқу орталығы.

 2020 жылы кәсіптік оқуды 7 оқу орталығы жүргізді, соның ішінде 4 кәсіпорындар жанында, 1 колледж жанында және 2 дербес орталық. Осы уақыт аралығында 195 адам кәсіпорындардағы оқу орталықтарында «аспаз», «кондитер», «тігінші», «шаштараз», «бақылаушы-кассир», «тәрбиешінің көмекшісі», «анимация және видео графика» мамандықтары бойынша оқыды.

 «Еңбек» бағдарламасы аясында 2020 жылы 80-нен астам мемлекеттік грант алуға өтінім қаралды, оның ішінде 61 талапкер жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 100 АЕК және 200 АЕК көлемінде грант алуға мақұлдау алды. Жобалардың негізгі бағыттары – тігін ательесі, шаштараз, шағын наубайхана ашу, массаж қызметін көрсету», –  деді Нұрлан Қаиршин.

Төтенше жағдай кезеңінде Палатаның Адами капиталды дамыту департаменті 42500 теңге әлеуметтік төлемдер алуға өтініштер қабылдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Осы іс-шараны жүзеге асыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен Халықты жұмыспен қамту бойынша штаб құрылды, оның құрамына Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ орталығы, Мемлекеттік кірістер департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы, Бақылау және сапа департаментінің өкілдері кірді Қалалық орта және жұмыспен қамту және Нұр-Сұлтанды әлеуметтік қорғау бөлімі жұмылдырылды.

 «Штаб 10 893 өтінімді қарап, олар қорытынды шығарды, өтінімдер «Азаматтарға арналған үкіметке» жіберілді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 42500 теңгені құрайтын әлеуметтік төлемдер бойынша 595,7 мың өтініш қабылданды, төлемдер бірінші айда 261 924 қызметкерге келіп түсті, екінші айда – 213 771 қызметкерге түсті. 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 16 тамызына дейінгі мерзімде шектеу шараларын енгізуге байланысты 42 500 теңге көлемінде екінші төлем алуға 169 400 өтініш қабылданып, 142 126 азаматқа тағайындалды, 141 940 адамға төленді. Штабқа 55 532 өтініш келіп түсті, 100%-ға сараланды», – деп атап өтті Нұрлан Қаиршин.

  Осы қиын кезеңде «Менің Атамекенім» және «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен «Жақсылық жаршысы» қайырымыдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған астаналық «RuMax» ЖК, «Жусупбекова Ш.Т.» ЖК, «Сара» ЖК, «Ангелчер» ЖШС, «Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі» ОҰ, «CVL» ЖШС Рустем Итемиров, Мархабат Қожан, «DANMARD» ЖШС, Кәсіптік-техникалық көпсалалы колледж, Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты бөлімінің ерікті оқытушылары атсалысты.

 2020 жылдың қаңтарынан бастап «Атамекен қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтарының менеджерлері 57,8 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласының 2600-ден астам тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған және 1921 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік дағдыларды үйренуге және өз кәсібін ашуға ниет білдірді. 9130 астаналық тұрғын кәсіби бағдар анықтау үшін «Сынақ» тестілеуінен өтті. Сондай-ақ, колледж түлектерін тіркеу жұмыстары жүргізілді, бүгінгі күнге дейін 503 колледж түлектері тіркелді, олардың 29%-ы жұмысқа орналасты, 44%-ы жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырады, 25% басқа себептер (әскери қызмет, көшу басқа қалаға және т.б.).

Қазір құрамында 200-ден астам адам бар HR клубы шеңберінде Кәсіпкерлер палатасы серіктестерімен бірге бірқатар семинарлар мен онлайн-конференциялар өткізілді.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер