«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» мемлекеттік қолдауға қатысты кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастады

2021 жылғы 26 Қаңтар
8676 просмотров

Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстың басым бағыттары қатарында болуы тиіс деп атап өтті

 2021 жылдың басынан ШОБ-қа негізгі дағдарысқа қарсы шаралар: салықтар мен несиелер төлемдерін кейінге шегеру, еңбекақы қорына төлемдерден босату, мемлекеттік мүлікті жалға алу келісімшарттары бойынша жалдау құнынан босату тоқтатылды.

 «Үкіметке «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір ай ішінде қолдау шараларын әзірлеу қажет. «Еңбек» бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамтудың негізгі механизмдерінің бірі. «Бастау» бағыты бойынша 150 мың азамат білім алды. Бірақ небәрі 10%-ы несие алды, соның ішінде 19%-ы грант ала алды. 100 мыңнан астам адам мемлекеттің қолдауынсыз қалды», – деп хабарлады zakon.kz Президент сөзін.

 Кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары қажеттігін білу үшін «Атамекен» сауалнаманы іске қосты. Ұлттық палата Сауалнама нәтижесі мен бизнес-қоғамдастықпен талқылауларға негізделіп, ҚР Үкіметінің қарауына ШОБ-ты қолдау шараларын ұсынады.

 САУАЛНАМАДАН ӨТУ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер