«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қан тамшысы» – ШҚО-да донорлық акцияға қолдау көрсетілді

05 Наурыз 2021 - Шығыс Қазақстан облысы
3299 просмотров

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бойынша Іскер әйелдер кеңесі «Қан тамшысы» акциясына қолдау білдірді. Челленджді Маңғыстау облысынындағы әріптестер бастап, Солтүстік Қазақстан облысына табысталды.

2021 жыл 5 наурыз күні «Атамекен» ШҚО бойынша Өңірлік кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева, Іске әйелдер кеңесінің мүшелері және Палата қызметкерлері қан құюға мұқтаж жерлестеріне арнап, қан тапсырды.

 «Қан тамшысы» акциясы Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өтті. Өз үлгілерімен бизнес ханымдар азаматтарды донор болуға, игі іспен пациенттерге көмек көрсетуге шақырды.

 «Біздің үндеуімізге кәсіпкер ер азаматтар қолдау білдіріп, атсалысқаны қуантады. Акцияға 27 адам қатысты», – деді Елена Березинская-Абилова.

 Акцияға қатысушылардың пікірінше, олар үшін қозғаушы күш жақынына көмектесуге деген үлкен ниет және сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалатынын түсіну болды.

«Қан орталығының қызметкерлері нағыз мереке жасады! Барлық әйелдерге сыйлық жиынтықтары ұсынылды, сергіту сәті ұйымдастырылды және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады», – деп өзінің әсерімен бөлісті ШҚО ӨКП директорының орынбасары Әлия Мұқашева.

Зор ризашылықпен Шығыс Қазақстан облысындағы Іскер әйелдер кеңесі ізгілік эстафетасын Қостанай облысындағы әріптестеріне табыстайды. Біздің бірлігіміз нығайып, игі істер ел көлемінде арта берсін!


Серіктестер