«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

05 Наурыз 2021
5874 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аруларды мерекемен құттықтады

Құрметті арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әр үйдегі жылулық, береке, жүректегі қуаныш пен махаббат, көңілдегі мейірім мен мақтаныш сіздердің ақ пейіл ниеттеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасы. Арулар әрдайым шабыттың қайнары, нәзіктік пен сұлулықтың символы, мейірім кеніші.

 Осынау шұғылалы мереке қарсаңында баршаңызға аман-саулық тілеймін. Жүздеріңіз бақыттан бал-бұл жайнасын. Әр бастамаларыңыз сәтті де табысты болсын!

  


Серіктестер