«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік сала комитеті 2021 жылға жұмыстың басым бағыттарын талқылады

2021 жылғы 05 Мамыр
8625 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидулла Абрахимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Данияр Рыспеков, «KazakhTourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевтың қатысуымен Туристік сала комитетінің отырысы өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева жиынды ашып, комитеттің 2020 жылы атқарған жұмыс есебін таныстырды.

 «Өткен жыл туризм саласына ауыр тиді. Туризм саласының елдің жалпы ішкі өніміне салымы айтарлықтай төмендеді, себебі туристік кәсіпорындардың кірісі азайып, субъектілердің саны да қысқарды. Кәсіпкерлік қызметтің көп түріне тыйым салынды. Туристік нарық және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге біз қонақүйлер, шипажайларға карантиннен шығу алгоритмдерін әзірледік, қызыл аймақта 15 адамға дейін экскурсиялар ұйымдастыруға, туристік нысандар үшін жағажайлар жұмысын жандандыруға мүмкіндік алдық. Бизнес іс-шаралар мен балалар лагерьлеріне арналған алгоритмдер де нақтыланды. Барлық санитарлық талаптарды ескере отырып, біз лагерлерді жақын арада ашамыз деп үміттенеміз», – деді Юлия Якупбаева.

 Сонымен қатар спикер көшпелі туризм саласында атқарылған жұмыстар, «Атамекен» ҰКП, «KazakhTourism» ҰК» АҚ және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы ішкі туристік өнімді дамыту бойынша үшжақты жол картасы жайында ақпараттандырды.

 Жол картаны іске асыруда «Жанды сабақтар» жобасы маңызды бастама болмақ, биыл жоба ел ауқымында таратылып, жаңа оқу пәндерін қамтиді деп жоспарланған. Юлия Якупбаеваның айтуынша, бірқатар жеке мектеп жобаға қатысуға ынта танытып отыр.

 Өз кезегінде Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Абдрахимов «Атамекеннің» Үкіметтегі бизнес мүдделерін ұсынудағы тиімді жұмысын атап өтіп, министрлік ұсынған кейбір жаңашылдықтар туралы айтты:

 «Туристік маусым басталар алдында біз туристік қоғамдастықпен стандарттау және қызмет сапасын арттыруға байланысты туристік қызметтерді ұсыну ережелеріне енгізілген өзгертулер жобасын талқылағымыз келеді. Бұдан бөлек, біз Қазақтуризм қауымдастығымен мобильді қосымша әзірлеп жатырмыз, онда субъектілер тізілімі жарияланады, мысалға туристерден кері байланыс алу мүмкіндігімен гидтер туралы ақпарат жарияланады. Сонымен қатар мамыр айының соңында Түркістанда эпидахуал жақсы болса, туристік форум өткізуді жоспарлап отырмыз.  Сондай-ақ TicketOn сервисі үлгісінде ірі музейлерге билет құнын онлайн-төлеуді енгізуді жоспарладық. E-Qonaq жүйесін енгізуді тездету де маңызды шара деп санаймыз», – деді ол.

 Жиында комитет мүшелері – турбизнес субъектілері мен қауымдастықтардан бірқатар ұсыныстар жасалды.  «Complete Service» туристік компаниясының директоры Абылхан Сәрсенбаев демалыс орындарда келушілер санын арттыруды қамтамасыз ету үшін шипажайлар мен туроператорлардың өзара әрекеттесуінің маңызын атап өтті.

 Жаңа әзірленген құжаттар – гид-жолсеріктер туралы ереже және Ұлттық парктердегі экотуризм туралы ереже жайында Қазақстан туристік қауымдастық директоры Рашида Шайкенова ақпараттандырды.

«Алматыда үлгіаларлық шара қолға алынған, онда заңды жұмыс істейтін гидтер мен экскурсия жетекшілері туристік нысандарға тегін кіруге мүмкіндік алған. Осы бағытта комитет қарауы мен бекітуіне өз әзірлемелерімізді ұсынғымыз келеді», – деді Рашида Шайкенова.

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рей қазір мемлекеттік органдарға көшпелі және кірмелік туризмінің мәселелерін шешу қажет екенін атап өтті.

«Қиын кезеңде біз жұмыла жұмыс істей алатынымызды көрсеттік. Бүгінде әлем елдерінің экономикасы қол режимінде жұмыс істеп жатыр, туризм саласында қазір туристерге алғашқылардың бірі болып ашылған елдер ұтып жатыр, ондай елдер қатарында Черногория және Мальдив аралдары бар. Сондықтан, бізге кірмелік туризмде, ең болмағанда ұйымдастырушы топтарға  визасыз режимді ашу керек», – деді  Инна Рей.

Юлия Якупбаева уәкілетті орган және бизнеспен бірлесіп, сырттан келетін туристер үшін шекараны ашып, ВАК қарауына шығаруға мүмкіндік беретін механизм әзірлеуді ұсынды.

«Aigul Line» ЖШС жетекшісі Айгүл Жансерікова қолөнер орталықтарын ашу – өзекті мәселелерді бірі екенін атап өтті.  

 «Бізде Алматыда осындай орталық бар, алайда орталықтың әр метрі үшін үнемі күресіп келеміз. Сондықтан осы мәселені пысықтауды сұраймыз, ол үшін жергілікті атқарушы органдарды осындай орталықтарды құру және қолдауға міндеттеу керек шығар. Сонымен қатар осындай орталықтардың тиімділігін арттыру үшін стандартар мен цифрлық платформа қажет», – деді Айгүл Жансерікова.

 Ұлттық палата мамандары қолөнер шеберлерін бос тұрған көрме орталықтарына орналастыру, ал ашық алаңдарда көркем колледж студенттері жұмыстарының көрмелерін ұйымдастыру жағын қарастыруды ұсынды.

«Туристік қоғамдастыққа 2020 жылы ұйымдастырылған жұмысы үшін алғыс айтамын, атқарылған жұмыс нәтижесі ішкі туризмнің әлеуеті зор және оған халық тарапынан үлкен қызығушылық барын көрсетті. Осы жылы  да бірлесіп, тиімді жұмыс істеулеріңізді  сұраймын, сонда нәтижелер одан да көп болады» – деп қорытындылады Юлия Якупбаева.

 Анықтама үшін:

 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17,18 қаулысына сәйкес:

- осы уақытқа дейін жұмысын тоқтатқан балалар лагерлері мен көрмелерінің қызметіне рұқсат етілді;

-ПТР (72 сағаттан артық емес) әдісімен тестінің теріс нәтижесі бар немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған анықтама болған кезде өткізу пункттері арқылы кіруге рұқсат етілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер