Атырауда тоқыма фабрикасын қайта жандандыру жоспарлануда
Қазіргі кезде өз қызметін тоқтатқан «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қайта құрылымдау бойынша шаралар мүдделі тараптардың қатысуымен Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды.
Өңірде бірегей 2015 жылы іске қосылған жүн өңдеу мен тоқыма өнімдерін өндірудің толық цикліндегі бірегей кәсіпорын қазіргі уақытта «Атырау» ӘКК алдындағы берешегінің пайда болуы себебінен тоқтап тұр. Компанияның шоттары бұғатталған, өндіріс тоқтап, барлық қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберілген. «Атырау» ӘКК департаментінің директоры Нұрлан Қаппазовтың айтуынша, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қарызының сомасы бүгінде шамамен 1,6 млрд теңгені құрайды.
«Тоқыма фабрикасын өндірісін қалпына келтіру мәселесі бірнеше жыл шешілмей келеді. Бірлескен күш салумен қазір өсімақы мен айыппұл санкцияларын есептеуді тоқтатуға қол жеткізілді. Бірақ кәсіпорын негізгі қарызды өтеуі қажет, өйткені бұл қайтарылуы керек мемлекеттік ақша. Өткен жылдың соңында италиялық инвесторлар жобаға қызығушылық танытып еді, бірақ пандемия салдарынан бәрі өзгеріссіз қалды», – деді Нұрлан Қаппазов.
Тоқыма фабрикасын қалпына келтіруге Export Center «Silk Way» ЖШС ниет білдірді. Компания серіктестерімен бірлесіп, «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС қызметін қайта құрылымдау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
«Export Center «Silk Way» ЖШС – отандық экспорттаушыларды қолдау, Қытайда заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүдделеріне өкілдік етуге бағытталған бірегей мамандандырылған компания. «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС экспорттық орталықтың серіктесі саналады.
Export Center «Silk Way» ЖШС директоры Құралай Канахина қазіргі уақытта олардың арасында Қытайдағы JD.com атты B2C интернет-дүкенінің көлемі бойынша 2-ші базада қазақстандық тауарлардың мультибрендті онлайн-дүкені арқылы өнімді өткізу туралы келісімшартқа қол қойылғанын айтты. JD.com онлайн-алаңның негізгі талабы – белгіленген мерзімде және толық көлемде өнімді жеткізудің үздіксіз жүргізілуі. Сонымен қатар, экспорттық орталықтың көмегімен компания акциялары Иу қаласында (Қытай) облигациялық аймағының ұлттық павильонында сатылады.
«Қазіргі кезде Қытай мен Қазақстандағы серіктестердің көмегімен кәсіпорынның жобалық қуаттылығына және стратегиялық дамуына жету үшін кәсіпорынның қаржылық сауықтыру шаралары әзірленді. Есептеулер бойынша, пайдалануға беру, шикізат сатып алу және өндірісті іске қосу үшін бірінші айда шамамен 42 миллион теңге қажет. Өндірістік барлау жүргізу мақсатында кәсіпорынның өзіне бардық. Жабдық жақсы жағдайда, адамдар жұмысқа дайын, шикізатты сатып алуға болатын жер бар. Бүгінде Қытай, БАӘ, Түркиядан алдын ала тапсырыс бар. Атамекен ҰКП көмегімен көптеген жұмыстар атқарылды, соның арқасында «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС Қытай импорттаушыларының тізіліміне енгізілді. Бүгінгі күннің басты мәселесі – инвестор өз қаражатын іске қосу үшін компания есепшоттарын ашу», – деп атап өтті Құралай Канахина.
Осыған байланысты ӘКК өкілі компания кәсіпорынды қайта құрылымдау және қаржылық сауықтыру бойынша егжей-тегжей жоспар ұсынуы тиіс екенін, ол одан әрі жұмыс тобының қарауына шығарылатынын атап өтті. Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы бұл процеске белсенді қатысады.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар жергілікті тауар өндірушінің қызметін жаңарту үшін тиімді бірлескен жұмыс жүргізу қажет деген ортақ пікірге келді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: