«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Күшіміз бірлікте – Сила в единстве

2022 жылғы 18 Қаңтар
- Алматы қаласы
15162 просмотров

Алматы кәсіпкерлері қаланың жанашыр тұрғындары, медицина қызметкерлері мен әскери қызметкерлерді төтенше жаңдай кезінде көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Тұрғын үй тұрғындарының дүкенді сақтап қалуы, қолдау ретінде қайырымдылық шаралар ұйымдастырылуы: осылай ғана бірігіп, қыиндықтарды жеңуге болады.  

 Қаңтар оқиғалары кезінде Алмата қаласы бойынша 1940 нысанда орналасқан  1585 бизнес субъекті зардап шекті. Алдын ала есептеулер бойынша келтірілген залал мөлшері 94,5 млрд теңгені құрайды. Қалада Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында шығын көп.

 Бұған дейін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтып өткендей, зардап шеккен кәсіпкерлерге тегін қызмет ұсынып, тауар бөліп немесе бүлінген аумақты жинауға көмектесуге дайын жанашыр азаматтар мен кәсіпкерлердің тізілімі құрылып жатыр. Бұл тізілімге 50-ден астам кәсіпкер және 600 ерікті тіркелді. Мысалы, Палатаның Бостандық аудандық филиалының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен зардап шеккен кәсіпкерлер үшін уақытша кеңсе үй-жайлары берілді. «Байзақ» бизнес орталығы, «Fifty Four» және «Точка кипения» коворкинг алаңдары ақысыз негізде Бостандық ауданының зардап шеккен кәсіпкерлері үшін бос кеңсе үй-жайларын ұсынды. Бүгінгі күні «Республика» бизнес орталығындағы 18 кәсіпкер шарт жасап, жаңа үй-жайларға көшуді бастады.

 Осы қиын күндері өжеттілік танытқан кәсіпкерлер мен азаматтардың ерлігі туралы айта беруге болады. Қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары бірінші қабатта орналасқан дүкендерді бұзақылардан сақтап қалуға тырысқан.

 «Куликовский» кондитер үйінің ынтымақты командасы біздің дүкендерімізді өз үйі сияқты қорғап қалуға тырысқан барша азаматқа алғыс білдіреді. Әуезов көшесі бойындағы көршілеріміз бандиттер тұтатқан өртті өжеттілікпен сөндірді. Сіздердің арқаңызда өрттің жалмауы үлкен болмады», – деп ризашылығын білдірді компания директорының орынбасары Елисавета Абрамова.

Алғыс ретінде компания өкілі тұрғын үй тұрғындарына тәтті десерттерді сыйға тартты.

ҚР гүл саласы қауымдастығының қолдауымен ризашылық белгісі ретінде «H. Bonnar» гүл компаниясы және «Panda Pro» маркетингтік агенттігі медицина мекемелерінің қызметкерлеріне 300 гүл шоғын сыйлап, азаматтарға қиын жағдайда көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.

«H. Bonnar» командасы қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған азаматтарға амандық тілейді. Бірімізге шабуыл жасап бизнесті тонап кетті, ал кейбіріміз жақынымыздан айырылып қалдық... Жүректі ауыртатын жаңалықтардың арасында жақсысы да бар:  отандастарымыз тәртіпті орнату үшін көмек қолын созып, құқыққорғау органдары мен әскер қызметіне ыстық тамақ ұйымдастырды. Бүгін біз игі істер эстафетасын әріптестеріміз, серіктестерімізге табыстап, сіздерді жақсылыққа бастайтын #күшімізбірлікте #силавединстве» атаумен хэштегті іске қосамыз», – деді компания өкілі.

Сондай-ақ, алматылық кәсіпкерлер медицина қызметкерлері мен әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ыстық түскі ас таратты.

«Халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің және көмекке мұқтаж адамдардың барлығына алғыс ретінде «Дома Восточной Кухни Мараканда», «Гоголь» және «Эсперанза» желісінің рестораторлар тобы қатысып, мемлекеттік органдар, медициналық мекемелер, балалар үйлеріне және көп балалы отбасыларға келісілген көмек көрсетіп, көшпелі түскі  және кешкі  уақытта ыстық тамақ ұйымдастырды. Біздің еріктілер тобы азық-түлікті ұйымдар мен отбасыларға жеткізіп жатыр», – дейді мейрамхана желісінің өкілі.

 Еске салсақ, «Күшіміз Бірлікте» зардап шеккен бизнесті қолдау қорына Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев басшы болды.

 Көмек көрсетем деуші азаматтар ҰКП байланыс орталығы 1432 нөміріне және Алматы қаласы Өңірлік кеңесінің нөмірлеріне хабарласа алады: 8775 1261839; 8778 410 1758; 8777 947 00 77 – Бауыржан Оразғалиев, Алматы қ. ӨКП.

Қорға жиналған қаражат комиссия шешімінен кейін Алматы қаласының, сондай-ақ объектілері тоналған және бұзылған басқа да өңірлердің кәсіпкерлеріне бөлінеді. Қор түсетін және бөлінетін ақша қаражатының ашықтығына кепілдік береді.

Зардап шеккен бизнеске тауарлар ұсыну, кеңсеге орналастыру немесе басқа да қызметтер көрсету арқылы көмектескісі келетін азаматтардың барлығына мына нөмірлерге хабарласуды сұраймыз:

Толқын Әбілдаева 87015030022 t.abildayeva@atameken.kz

Жанар Әлиқұлова 87073308054

Нұрбике Рахимова 87011134700


Еншілес ұйымдар

Серіктестер