«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда кәсіпкерлерге Экологиялық кодекс нормалары түсіндірілді

2022 жылғы 26 Қаңтар
- Атырау облысы
15091 просмотров

Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшылығы бизнес субъектілеріне Экологиялық кодекстің 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа талаптары туралы ақпарат берді.

Кездесу Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өтті. Бизнес субъектілері карантин шектеулеріне байланысты кездесуге онлайн-форматта қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген. Құжат өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілігін арттырады, сондай-ақ қалдықтарды басқару иерархиясын енгізу және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі зауыттар салуды көздейді.

 «Кездесудің негізгі мақсаты – экологиялық кодекстің 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа талаптарын түсіндіру. Атап айтқанда, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде бизнес субъектілерінде лицензия болуы керек. Осылайша, біз бизнес субъектілері арасында Экологиялық кодекс нормаларын бұзу фактілерін ескертуді, сондай-ақ олардың құқығына қысым жасауды болдырмауды қалаймыз», – деп атап өтті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бикмұхаметовтың айтуынша, жаңа экологиялық кодекстің 418-бабының 19-тармағына сәйкес қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен айналысатын табиғат пайдаланушылардың аталған қызмет түріне лицензиясы болуы тиіс. Лицензия табиғат пайдаланушы кәсіпорын автокөлігінің GPS-датчикпен жабдықталуы, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысы барлық қажетті экологиялық талапқа сәйкес келуін талап етеді.

«Жер қойнауын пайдаланушылар қауіпті қалдықтар тағайындалған жерге жеткізілмейтін және далада немесе қараусыз қалған карьерлерде төгілетін жағдайлар болмауы үшін бұл тараптарды өз мердігерлеріне қою тиіс. Сондай-ақ, бұзушылықтар арасында қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату, қалдықтарды өз аумағында өртеу фактілері атап өтілді. Бұл атмосфералық ауаның ластануына әкеледі», – деді кездесу барысында экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Мемлекеттік орган өкілдері лицензияның болмау фактілері анықталған жағдайда бизнес субъектілерінің қызметі тоқтатылып, сот органдарына талап арыз жолданатынын ескертеді. Оның қорытындысы бойынша экологиялық кодекс нормаларын бұзушыларға әкімшілік жазалау шаралары қолданылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер