«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнеске кедергі келтіретін өзгерістер қабылдаған – ҰКП

2022 жылғы 07 Сәуір
8010 просмотров

Өткен аптада салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер комитетінің кезекті «тосын сыйы» ұсынылды, деп мәлімдейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары.

Қаржы министрі 2022 жылғы 28 наурыздағы бұйрықпен ҚҚС қайтарудың жаңа ережелерін бекітті. ҰКП мамандары бұл өзгерістер шұғыл түрде және бизнес-қоғамдастықпен талқылаусыз қабылданды деп мәлімдейді. «Атамекенде» жаңа ережелер Салық кодексінің қолданыстағы нормаларына қайшы келетіні айтылды. Салық төлеушілер іс жүзінде ҚҚС бойынша асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығын жоғалтады.

ҰКП Салық салу департаменті сарапшылардың айтуынша, ҚҚС-ті оңайлатылған режимде қайтаруды іске асырмас бұрын мемлекеттік кірістер органдары «Пирамида» есебін іске қосады, салық төлеушінің қызметін түсініксіз критерийлермен бағалайды, сондай-ақ қайтару сомасын экспорттық кірісті айырбастау пайызына сүйене отырып есептейтін болады.

 Қосымша құн салығын автомат түрде қайтару үшін тәуекел критерийлері бойынша бұзушылық ретінде «өзара байланысты тараптармен өзара есеп айырысу» критерийі шығарылды. Бірақ ҚҚС-ті қайтарудың оңайлатылған режимін қолдану құқығын тігінен интеграцияланған компаниялар пайдаланып келді. Бұл компаниялардың жиынтығында корпоративтік топты құрайтын еншілес компаниялары бар.

 ҰКП мамандары бұл ережелер ҚҚС-ті оңайлатылған жолмен қайтаруға құқығы бар ірі салық төлеушілер үшін «Пирамида» есебін қалыптастыру тәртібін түбегейлі өзгертеді. Сондай-ақ, оның күшін тікелей жеткізушілерге ғана емес, сонымен қатар екі және одан кейінгі деңгейдегі жеткізушілерге де таратады. Бұған дейін «Атамекен» Ережелерді бизнес-қоғамдастықпен талқылау туралы мәселені бірнеше рет көтеріп келді, соның ішінде бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен жиында да айтылған. Алайда Мемлекеттік кірістер комиетті бұл ұсынысты елеусіз қалдырды.

Бекітілген ережелер Салық кодексі нормаларына, сонымен қатар Президенттің реттеу жүйесін реформалау қажеттілігі туралы тапсырмаларына қайшы келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қырүкйегінде Қазақстан халқына жолдауында: «Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек» деп атап айтқан.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер