«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге өсімпұлға шағым түсіру қымбатқа түседі

2022 жылғы 11 Сәуір
4515 просмотров

«Атамекен» ҰКП кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган ретінде Ұлттық экономика министрлігінен және кеден ісі саласында уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігінен тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік тексерулер нәтижелеріне шағым жасау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар алдында туындайтын проблемалардың біріне назар аударуды сұрады. Ұлттық палата мамандары мемлекеттік кірістер комитеті дәлелдемелерді жинауды Қаржы министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссия мүшелерінің шағымдарды қарау барысында емес, кедендік тексеру аяқталғанға дейін жүргізу қажет деп санайды.

Осындай шағымдарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерізімі негізсіз ұзарып кетеді. Оның себебі тексерудің сапасыз жүргізілуі. Тексеру ақтілері үстірт құрылады. Онда сыртқы экономика қызметіне  қатысушысының кеден заңнамасын бұзғаны және осыған байланысты кедендік төлемдер мен салықтардың қосымша есептелуін өндіргені туралы қорытынды үшін жеткілікті заңды және  дәлелді негіздемелер жоқ.

«Осыған байланысты Қаржы министрлігі сапасыз тексерулердің материалдарын қосымша тексеру үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне жібереді. Мұнда тексерулер кейде айлап, жылдап жүргізіледі. Осы ретте СЭҚ-қа қатысушының кінәсі «нәтижесін шығарудың» осындай күшейтілген қорытындысы бойынша төлемдерді қосымша есептеудің жалпы сомасына шағымды қараудың бүкіл кезеңі үшін оған өсімпұл заңсыз салынады», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры Дина Мамашева.

ҰКП мамандары Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттеріндегі тексерушілер хабарламаларға шағымдану кезеңінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекке өсімпұл алуға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің нормаларын дұрыс түсіндіріп, қолданбайды деп санайды.

 Кедендік тексеру қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің департаменттері субъект атына тексеру нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Онда қарыздың негізгі сомасы және осы хабарламаны беру күніне сәйкес өсімпұл сомасы көрсетілген. Кодекске сәйкес хабарлама талаптары тексерілетін тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс. Тексеруші хабарламаға шағым жасаған кезде ғана жеңілдік қарастырған.

 Осы Кодексте уәкілетті орғанға, яғни Қаржы министрлігі немесе сотқа шағым немесе арыз беру шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін хабарламаны орындау мерзімі тоқтата тұратыны жазылған. Сотқа берген кезде сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатылады. Бұл дегеніміз талапты орындаудың қалған мерзімі органдар кәсіпкердің шағымы бойынша шешім қабылдаған күннен бастап қайта есептелетін болады. Бұл ретте, төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы және демпингке қарсы өтемақы баждарының сомасына салынған өсімпұл хабарлама шығарылған күннен бастап аударылған төлемдер төленгенге дейін есептелмейтіні белгілі болды.

«Осылайша кедендік төлемдер сомасын 30 жұмыс күні шегіндегі төлеу осы кезеңде берешек сомасына қосымша өсімпұл есептеуге әкеп соқпауы тиіс. Егер берешек осы күндері өтелмеген болса, өсімпұл талап бойынша орындаудың барлық кезеңіне есептеледі. Басқаша айтқанда, Кодекс нормаларының тура түсіндірілуіне сәйкес, Қаржы министрлігі немесе соттың шешімі шығарылғаннан кейін декларанттың қолданысында әлі 30 жұмыс күні болады. Ол шағым жасау уақытын қоспағанда, өсімпұл есептемей, осы мерзім өткенге дейін хабарлама бойынша берешегін өтейді», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры, басқарушы директор Дина Мамашева.

 

Алайда, ҰКП мамандарының айтуынша, тәжірибеде Мемлекеттік кірістер комитетінің департмаенттері шағым түсіру кезеңінде өсімпұлды заңсыз салып, басқаша әрекет етеді. Осылайша, кәсіпкерлер қосымша шығындалып жатыр. Бұл бастапқыда кедендік тексеруді сапасыз жүргізген мемлекеттік кірістердің лауазымды адамдарының біліксіздігінен туындаған шығындар.

Бұл ретте Кодекстің 480-бабының 2-тармағына сәйкес хабарламаға арыздарды қарау кезінде ЕАЭО және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының барлық белгісіз тұсы мен реттелмеген мәселелері шағым берген тұлғаның: декларанттың, кеден өкілінің пайдасына қабылданады. Бірақ, іс жүзінде заңнаманың бұл нормасын кедендік тексерулер жүргізетін Мемлекетткі кірістер департаменттер тексерушілері де, Қаржы министрлігі де қолданбайды.

 Сонымен қатар лауазымды тұлғалар ҚР Жоғарғы Сотының (2019 жылғы 29 қарашадағы №7) Нормативтік қаулысы 5-тармағының ережелерін еспермейді. Онда ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 72-бабының екінші бөлігіне сәйкес, АІЖК-нің 29-тарауында көрсетілген істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестік, ұйым, азаматтық іс жүргізу кодексінің 72-бабының актілеріне, әрекеттеріне не әрекетсіздігіне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге қолданылады.

 ҰКП позициясы: декларант, кеден өкілі кеден заңнамасының нормаларын сақтайтын болса, ол ұсынған ақпараттың шынайылығы презумпциясын негізге алған жөн. Оны  теріске шығару ауыртпалығы Мемлекеттік кіріс органына жүктелген. ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес, жоғарыда көрсетілген нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті саналады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағымдарды қарау мерзімдерін негізсіз ұзарту және кез келген қайталама тексерулер жүргізу бизнес үшін өсімпұлды ұлғайту түріндегі қосымша шығын ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік күштер мен қаражаттың негізсіз жұмсалуын да тудыратынын атап өтеді. Мемлекеттік кіріс органдарының қажетті дәлелдемелер жинағы Қаржы министрлігі түпкілікті үкім шығаратын Қаржы министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссия мүшелерінің шағымдарды қарауы барысында емес, кедендік тексеру аяқталғанға дейін дайындалуы тиіс.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер