«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Киров" ЖШС: барлығы-өз еңбегімен!

2022 жылғы 04 Шілде
- Павлодар облысы
5614 просмотров

"Киров" ЖШС Павлодар ауданы Розовка ауылында орналасқан.

Бұл серіктестікте Павлодар облысының "Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары бастаған арнайы комиссия болды.

Мониторинг барысында кәсіпорын басшылығы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында салынған және пайдалануға берілген мал шаруашылығы базасын, жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын: 420 мал орнына арналған сиыр қорасын, ірі қара малға арналған босандыру үй-жайын, бұзау қорасын, 2 сүрлем шұңқырын ұсынды.

"Киров" ЖШС 10 ауыл шаруашылығы машинасын және 3 бірлік жабдықты сатып алды.

​ "Шаруашылықта 2777 бас ірі қара мал бар, оның ішінде сауын сиырлар - 1370, сондай-ақ 30120 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 13850 гектар егістік жерлер бар. Мұнда 213 жұмысшы еңбек етеді", - деді облыстық Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев.

"Қазір "Карусель"сауу қондырғысы бар 800 басқа арналған сиыр қорасын салу жоспарлануда. Оның ерекшелігі – сиырлардың үздіксіз кіруі мен шығуында жануарлардың топтары бойынша ауыспайтындығында және ірі қара малдың платформада қызмет көрсету маманының жанынан өтіп бара жатқандығында", - деді "Киров" ЖШС директоры Болат Тәжиев.

Шаруашылық өндіретін барлық сүт Павлодар сүт зауыттарына жөнелтіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер