«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлыбритания елшісінің Ұлттық палатаға сапары барысыда Қазақстан-Британ бизнес-ынтымақтастығының әлеуеті талқыланды

2022 жылғы 18 Тамыз
5209 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэти Личпен кездесті.

Кездесу барысында Райымбек Баталов Ұлттық палатаның бизнесті қолдау үшін жүргізіп жатқан жұмысы, қазіргі уақытта «Атамекенде» қолға алынған трансформация процестері, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«Қазақстан үшін экономиканың бұған дейін шектеу болған секторларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынын түсінеміз. Қазір осындай мүмкіндіктер бар, біз ірі және орта халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуіне мүдделіміз», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

 Тараптар Қазақстанда қолайлы бизнес-ортаны құруға Британ тарапы қандай үлес қоса алатынын талқылады. Қыркүйек айында британ, канадалық және австралиялық кәсіпкерлердің тәуелсіз сауалнамалары және халықаралық сарапшылардың бағалауы негізінде тау-кен саласындағы әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандық заңнамаға өзгерістер енгізу үшін ұсынымдар әзірлейтін жұмыс тобы құрылады. Болашақта мұндай жұмысты әкімшілік-аумақтық бірлікті анықтау үшін басқа салаларға қолдануға болады. Бұл шара бизнесті дамыту, экономиканы әртараптандыру және елге инвестициялар тартудағы әкімшілік кедергілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, елші ханым мен «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қазақ-Британ ынтымақтастығын жандандыру және тиімділігін арттыру үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін талқылады.

«Біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ретінде отандық бизнеспен ақылдасып, білім беру, қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі, туризм және басқа да салалардағы коллаборацияға мүдделі компанияларды біріктіруге ашықпыз. Сонымен қатар Қазақстанда жұмыс істейтін британдық компанияларға қолдау көрсетуге және оларды сүйемелдеуге дайынбыз», – деді Райымбек Баталов.

«Қазір Қазақстан Ресейден немен ерекшеленетінін, британдық компаниялардың Қазақстанға келіп, бизнесін дамытуы, серіктестік құруы неліктен маңызды екенін түсіндіру қажет. Тіпті бұл ақпарлы саяси деңгейде жеткізу керек. Бірақ іс жүзінде бизнес-ортаның қалай жақсарып келе жатқанын, туындаған проблемаларды шешу үшін қандай құралдар, бизнес үшін қандай қолдау бар екенін түсіндіру қажет», – деп атап өтті елші ханым.

Тараптар нақты мысалдарда және тікелей қарым-қатынас кезінде Қазақстанның инвестициялық және экономикалық тартымдылығын көрсетуге мүмкіндік беретін B2B форматтарында әртүрлі салалардағы іс-шаралардың бірлескен бағдарламасын, онлайн және офлайн кездесулерді пысықтау туралы уағдаласты.

 «Сіздің жаңа идеяларыңыз бен ынта-жігеріңіз маған қатты ұнап отыр. Британдық бизнес үшін қазір бизнес-ортаны жақсарту, сіз айтқан мәселелерді шешу туралы есту маңызды. Сіздің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төрағалығыңыз біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін әкелетініне сенімдімін», – деп атап өтті Кэти Лич ханым.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер