«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырау кәсіпорындары жергілікті полипропиленмен ғана өндірісті кеңейтуге дайын

2022 жылғы 06 Қыркүйек
- Атырау облысы
11505 просмотров

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовпен кездесу барысында «Ультрастаб-Қазақстан» және «РГК-Каспий» компанияларының өкілдері осындай жоспарлармен бөлісті. 

Екі компания да маталық геотекстиль және экструзиялық геосинтетика өндірісі саласында Қазақстан және Ресейдің бірлесіп іске асырған  жобалары. Геотекстиль шығару цехының жобалық қуаттылығы жылына 6 млн шаршы метрді, геосинтетика жылына 50 млн шаршы метрді құрайды. Екі компания шығаратын өнім әуежайларда ұшу-қону жолақтарын, автомобиль және темір жолдарын салу, өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау қоймаларын салу, жағалауды нығайту, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Өндіріс үшін шикізаттың үш түрі пайдаланылады. Атап айтқанда полипропилен, полиэтилен және полиэфир. Бұл шикізат қазіргі кезде толығымен сырттан әкелінеді.

«Біздің келешектегі міндетіміз – арнайы экономикалық аймақта үлкен өндірісті, қазіргіден 10 есе үлкен өндірісті жолға қою. Бұл жоба өзімізге де, ресейлік серіктестеріміз үшін де тартымды. өйткені арнайы экономикалық аймақ бізге салық жеңілдігі, коммуналдық қызметтерге жеңілдікпен тариф ұсынды. Ең бастысы – нысан жанындағы шикізат. KPI зауыты полипропилене өндіретін болады. Біз бұл шикізатты офтейк-келісімшарт бойынша сатып алып, одан өнім шығарып, Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де өткіземіз. Сондай-ақ, 2027 жылға қарай зауыт полипропилен шығарады деп күтілуде. Пропиленді біз осы жерден 100% көлемде сатып алуға дайынбыз. Осының барлығы шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді, нәтижесінде біз өндірісті 10 есеге деін кеңейтіп, өңірде 150-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға дайынбыз», – деді «Ультрастаб-Қазақстан» және «РГК-Каспий» компанияларының коммерциялық директоры Андрей Ким.

Бүгінде қос компания шығарған өнімді Қазақстанда жол салумен айналысатын құрылыс кәсіпорындары және өңірдегі ірі жер қойнайын пайдаланушылар сатып алады. Сондай-ақ экспорттық жеткізілімдер де бар, Өйткені «Ультрастаб-Қазақстан» мен «РГК-Каспий» Alibaba.com платформасындағы «Gold Supplier» жеткізушілерінің премиум статусына ие кәсіпорындар тізіміне кіреді. Осындай мүмкіндіктер арқылы мемлекет олардың экспорттық шығысының жартысын өтейді. Сондай-ақ, Индустрия министрлігінің қолдауымен компаниялардың өнімдері Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеу кезінде пайдаланылды.

«Өндірістік цехтар жұмысымен таныстық. Өндіріс заманауи жабдықпен қамтылған. Кәсіпорындарды қаржыландырудың 80%-ы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша гранттар арқылы құралды. Компаниялардың үлкен жоспарлары бар. Сол жоспарларды  іске асыруда шикізатты қамтамасыз ету ұлкен мәнге ие. АЭА аумағында шағын және орта бизнес белдеуін құру біздің өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер