«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура өкілдері бизнесті қорғау үшін күш біріктірді

2022 жылғы 26 Қыркүйек
- Атырау облысы
9285 просмотров

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Атырау облысы бойынша кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау  жөніндегі уәкіл, бизнес-омбудсмен Сәрсенбай Қамидоллаұлы Жолдыбаев меморандумның негізгі мақсаты  Атырау облысындағы кәсіпкерлікті дамыту және өркендету үшін конструктивтік, ашықтық және тиімділік қағидаларында институционалдық негіздерді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруға арналғанын атады.

Атап айтқанда, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен кедергілерді анықтау, оларды шешудің кешенді шараларын ұсыну, заң бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша шараларды бірлесіп қабылдау кәсіпкерлік саласында, осындай бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайлар, кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастық көзделеді деді. Сонымен қатар, тараптар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде бақылау және қадағалау органдарының заңсыз тексеру фактілерін жою бойынша шаралар қабылдайды.

Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне қолайлы жағдайлар жасау және кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау мақсатында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу мақсатында талдау жүргізілетін болады.

«Жасалған Меморандум аясында біз тұрақты негізде, соның ішінде бейнеконференцбайланыс форматында ұйымдастырылған, прокуратура өкілдерінің, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлікті дамыту саласында өзара мүдделі ақпаратпен жедел алмасуды жүргізу, сонымен бірге, меморандумда көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында бірлескен бағдарламалар әзірлеу, консультативтік-кеңесші органдарды, жұмыс топтарын құру жоспарлануда. Бұл жұмыс өңірде бизнесті қорғаудың экожүйесін қалыптастыруға бағытталған», - деп түйіндеді сөзін Сәрсенбай Жодыбаев.


    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер