«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес мемлекеттік құрылыс тапсырысын қаржыландырудағы мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды – Ұлттық палата

2022 жылғы 30 Қыркүйек
7341 просмотров

Ұлттық палатада мемлекеттік құрылыс тапсырысын қаржыландыруда қалыптасқан мәселелерді шешу жолдары аталды.

Бизнес-қоғамдастық мынадай  ұсыныстарды әзірледі:

- жобаға сәйкес жұмыстарды қаржыландыру сомасы және мерзімдерінің қаржыландыру сомасы мен мерзімдеріне сәйкестігіне камералдық бақылау жүргізу;

- қолданылу мерзімі 1 жыл өткеннен кейін ЖСҚ сметалық бөлігіне сараптама жүргізу бойынша (тапсырыс берушілер үшін) талап белгілеу немесе мемлекеттік сатып алу жүргізілгенге дейін 3 ай бұрын сметалық құжаттаманың есебін (қайта) жүргізу.  Өйткені құрылыс материалдарының «мерзімі өткен» сметалары мен бағалары бар құрылыс жобаларын іске асыру, тек ресми қымбаттауы (индекстеу) 22% құрайды);

- мемлекеттік сатып алу шарттарын ақшалай қаражат болған жағдайда ғана тіркеу жөніндегі талап бекітілсін (бірыңғай мемлекеттік банктің интеграциясы арқылы ЖСҚ және Мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесімен (ҚР Қаржы министрлігінің бастамасы) енгізу.

- мердігерлер үшін аванс төлеу мөлшерін 30-дан 50%-ға дейін ұлғайту (бұл шара мердігерлердің тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді және құрылыс материалдарын өзекті бағамен уақтылы сатып алуға мүмкіндік береді);

- сараптамалық қорытындыларда объектіні нақты қаржыландыруға сәйкес келетін құрылыстың нормативтік мерзімі бар құрылыстың ұсынылған құнын, сондай-ақ жоспарлы қаржыландыру нақты қаржыландыруға сәйкес келмеген жағдайда жобалау-сметалық құжаттаманың сметалық бөліміне түзету жүргізу қажеттілігін көрсету.

Бұдан басқа, қаржыландыру болмаған және/немесе нақты қаржыландыру жобалау-сметалық құжаттамада айқындалған мерзімдерге сәйкес келмеген кезде шартты бұзу мүмкіндігін көздеу ұсынылды.

Бизнес-қоғамдастық әзірлеген тиісті түзетулер пакеті уәкілетті мемлекеттік органдардың (ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ) қарауында болады. Кәсіпкерлер ұсынылған түзетулер қолдау тауып, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудағы кедергілерді жоюға және құрылыс саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

   Осы тақырыпта толық ақпаратты мына материалдаран оқуға болады:

«Атамекен»: решение проблемы некачественного госфинансирования строек затягивается

https://atameken.kz/ru/news/47874-atameken-reshenie-problemy-nekachestvennogo-gosfinansirovaniya-stroek-zatyagivaetsya1

Мердігерлер мемлекеттік қаржыландыру болмағандықтан шығын көруде – Ұлттық палата

https://atameken.kz/ru/news/47832-atameken-podryadchiki-goszakaza-terpyat-ubytki-iz-za-otsutstviya-finansirovaniya

Бюджет қаражатын бөлуге жауапты мемлекеттік органдарды бақылау механизмі қажет – Ұлттық палата

https://atameken.kz/kk/news/47853


Еншілес ұйымдар

Серіктестер