«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкенттің салық органдары кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған – Ұлттық палата

2022 жылғы 27 Желтоқсан
10656 просмотров

Дереккөз: nalogikz.kz

Шымкент қаласының салық органдары кәсіпкерлерге 1 000 АЕК-тен (немесе 2022 жылға 3 063 000 теңгеден) аспайтын мәмілелер кезінде қолма-қол ақша төлеуге мүмкіндік беретін «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңның нормасын бұза отырып, оларға айыппұл салады. Осылайша бизнес жаппай және негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Атамекен» ҰКП салық салу департаментінің директоры Жеңіс Жанболатованың айтуынша, салық органдары кәсіпкерлердің 1000 АЕК-тен аспайтын сомасы бар әрбір мәмілесіне күмән келтіруі мәселе болып тұр. Салық органдары мәмілерді бір мәмілеге біріктіріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 266-бабын заңсыз қолданып, кәсіпкерлерге 1000 АЕК сомасы қолма-қол төлеммен асып кеткен жағдайда мәміле сомасының 5% мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартқан.  

 «Мысалы, жалпы сомасы шамамен 406 млн теңгеге түрлі типтегі тауарлар және түрлі мерзімде 16 түрлі жеткізушілермен жасалған 178 дербес келісімшартты бір мәмілеге біріктіру жағдайлары орын алған. Ал айыппұл 20 млн теңгеден астам сомаға қолданылды. Жағдай күн сайын  асқынып барады. Шымкент кәсіпкерлері арасында шиеленіс үдеп келеді», – дейді Жеңіс Жанболатова.

 Спикер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 266-бабы субъект есеп айырысу келісімшарттарын бұзуға жол берген жағдайларға, атап айтқанда 1 000 АЕК сомасынан асатын қолма-қол ақшасыз тәртіппен есеп айырысу үшін ғана әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін айтты. Демек, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының шегі заңнамада көрсетілген талапта ғана қолданылуы тиіс.

 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2-бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылықтың негізі – кодекстің ерекше бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгісін қамтитын іс-әрекет жасау болып саналады.  Сондықтан салық органдары есептеген бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылық құрамын түзбейді.

  Осы ережеге қарамастан мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары заңнама нормаларының талаптарын асырып, мәмілелерді бөлшектеу туралы негізсіз қорытындыларды қолдана отырып, кеңейтілген түрде түсіндіреді. Бұл мәмілелер бойынша азаматтық заңнамада да шектеу жоқ.

 Нәтижесінде Азаматтық кодекстің 2-бабында, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттің заңсыз араласуына жол бермеу туралы кәсіпкерлік кодекстің 18-бабында бекітілген келісімшарттар дербестігі, жеке істерге біреудің өз бетінше араласуына жол бермеу, азаматтық құқықты кедергісіз жүзеге асыру қажеттілігі туралы негізгі қағидат бұзылып отыр.

 Бұл мәселе «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жіті назарында екенін, ал орын алған жағдай Қаржы министрлігі назарына жеткізілгенін атап өткізіміз келеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер