«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атыраулық прокурорлар бизнес-омбудсменнің алғыс хатымен марапатталды

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Атырау облысы
7517 просмотров

Облыстық прокуратурада қадағалау органы мен Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының басшылығы арасында кездесу өтті, оның барысында прокуратураның бірқатар қызметкерлері Қазақстанның бизнес-омбудсмені Рустам Жүрсіновтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Жергілікті прокурорлар мұндай марапатты бірінші жыл емес. Егер өткен жылы қадағалау органының үш қызметкері Қазақстан бизнес-омбудсменінің атынан алғыс хаттармен марапатталса, биыл тоғыз бірдей қызметкер ерекше аталып өтті.

Рустам Жүрсінов өз хатында прокурорларға шағын және орта бизнесті қолдау жолында адал және мінсіз жұмысы үшін алғысын білдірді. Хатта бизнес-омбудсмен аппараты міндеттерінің бірі – бизнесті қылмыстық процеске негізсіз тарту себептерін анықтау және жою бойынша қадағалау органымен бірлескен жұмыс екені жазылған. Биыл мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне заңсыз араласуымен рейдерлікке қарсы күресті күшейту бойынша түзетулер қабылданды. Көптеген жұмыс атқарылды, бірақ алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Оның нәтижесі отандық бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалмақ.

 «Қазақстанның бизнес-омбудсмені Рустам Жүрсінов атынан және өз атымнан облыстық прокуратура басшылығы мен қызметкерлеріне бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау бойынша бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдіргім келеді. Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі – жүздеген бизнес субъектінің қорғалған құқығы, олардың кедергісіз қызметіне жағдай жасау, туындайтын кедергілерді жою», – деп атап өтті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

 Марапатталғандардың қатарында облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов, оның орынбасарлары мен басқарма прокурорлары бар.  

 Атырау облысының кәсіпкерлер калатасы құрылған алғашқы күннен бастап бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында облыстық, қалалық және аудандық прокуратура органдарымен бірлескен жұмыс жүргізіліп келеді. Тараптар арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, жыл сайын бизнесті қорғау жөніндегі жол картасы шеңберінде бірлескен іс-шаралар жоспары белгіленеді, бизнес құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Прокуратура органдарына лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне қатысты түсетін кәсіпкерлердің шағымдарын бірлесіп қарау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Бұдан басқа, өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс прокуроры бизнес субъектілерінің жеке қабылдауын өткізеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер