«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырау өңірлік палатасы және Jusan Bank бизнес субъектілеріне бірлесіп қолдау көрсетеді

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Атырау облысы
7394 просмотров

 Тараптар арасында ШОБ субъектілеріне консультациялық-ақпараттық қызмет көрсету және қаржыландыру мәселелеріне жәрдемдесуді көздейтін ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

 Келісім шеңберінде ынтымақтастық бірнеше негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Соның ішінде,  нарық қатысушыларына қаржы құралдарына қатысты ақпарат беру, кәсіпкерлерге қаржы өнімдерін таныстыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, қаржыландыру мәселелерінде бизнес субъектілерін сүйемелдеу бар.

«Клиенттерді өз ресурстары есебінен несиелеумен қатар, «First Heartland Jusan Bank» АҚ бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады. Осы бағыт шеңберінде кәсіпкерлер пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепілдік беру және бизнесті дамыту үшін басқа да мүмкіндіктерді ала алады. Банктің философиясы – клиенттер үшін барынша пайдалы болу және сапа, жылдамдық, қызмет көрсету мәдениеті бойынша сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз ету», – деді «First Heartland Jusan Bank» АҚ Атырау қаласындағы филиалдың өңірлік директоры Дастан Есмағамбетов.

«Жобаларды қаржыландыру мәселелері кәсіпкерлер үшін өзекті. Қазіргі кезде мемлекет бизнесті қолдау үшін түрлі бағдарламалар қабылдап, іске асырды. Кәсіпкерлер өз бизнесін құрған немесе кеңейткен көптеген жағымды мысал бар. «First Heartland Jusan Bank» АҚ-пен  бірлескен іс-қимыл шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі міндеттерді шешуде оң нәтиже беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев.

Қазіргі кезде «First Heartland Jusan Bank» АҚ-тың 20 филиалы, 120-дан астам бөлімшесі, 130 мыңнан астам корпоративтік және 1 млн-нан аса бөлшек клиенті бар.  Jusan Қазақстанның бес ірі банкінің қатарына кіреді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша «First Heartland Jusan Bank» АҚ – несие портфелі, активтер мен бизнес-салымдардың өсу қарқыны бойынша абсолютті лидер, ағымдағы өтімділік көрсеткіші бойынша және кредиттік портфель сапасы бойынша нарықтағы ең үздік нәтижелердің біріне ие, бұл Банктің жоғары қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер