«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда «Бизнес Бастау» жобасының түлектері кәсіп дөңгелетуге 668 млн теңгеден астам қаражат алды

2023 жылғы 04 Қаңтар
- Атырау облысы
7393 просмотров

Бұл туралы «Атырау Атамекен бизнес қолдау» МҚҰ директорының міндетін атқарушы Ризабек Тайыров Өңірлік кеңестің отрысында айтты. Жиында МҚҰ-дың 2022 жылы атқарған жұмысына қорытынды жасалды.

Еске салсақ, «Атырау Атамекен бизнес қолдау» микроқаржы ұйымы 2021 жылы құрылған.  Құрылтайшылары – Атырау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен қалалық әкімдік.

2021 жылы Атырау облысы бойынша «Бизнес Баста»" бағдарламасы түлектерінің жобаларын қаржыландыруға 1 млрд теңге бөлінді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша МҚҰ мамандары жалпы сомасы 1.4 млрд теңгеден асатын 158 өтінімді қабылдап, қарады.

«Қарау қорытындысы бойынша 747,7 млн теңге сомасына 101 қарыз алушы өтінімі кері қайтарылды. Бас тартудың негізгі себебі – кепілмен қамтамасыз етудің сәйкес келмеуі. Атап айтқанда, ауылдық жерлердегі кепіл мүлкінің төмен бағасы несие алуға жарамсыз. 2022 жылы 668 млн теңге сомасына 57 несие берілді. Алынған қарыздар саны бойынша лидерлер қатарында Атырау қаласы (412,4 млн теңге сомасына 25 несие) және Жылыой ауданы (177,3 млн теңге сомасына 17 несие). Егер қаржыландырылған жобалардың ерекшелігі туралы айтатын болсақ, бұл негізінен ауыл шаруашылығы, көлік, сауда және қызмет көрсету саласындағы жобалар», – деді Ризабек Тайыров.

 Жиын барысында 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 200 млн.теңге көлемінде бизнес-жобаларды қаржыландыру жоспарланған. Қазіргі кезде аудандар бойынша өтінімдер пулы жиналды. Қаржыландыру осы жылдың бірінші тоқсанында басталады деп күтілуде.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер