«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральді теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру жұмысын бастады

2023 жылғы 10 Ақпан
9220 просмотров

Ұлттық палата Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізген теміржол желісіндегі «тар жолдардың» анализін талқылады.

ҚТЖ өкілі атап өткендей, ұлттық компания «тар жолдарды» жою жолымен тасымалдардың тұрақты мониторингі негізінде магистральді теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырды.

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Бақытбек Қадыров отандық экспорттаушылардың халықаралық нарықтағы бәсекелестік қабілетінің төмендігін атап өтті.

 «Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық экспорттаушылар Ресей кәсіпкерлерімен бәсекелесе алмайды. Мысалы, Орынбордан Такентке тауар жеткізу мерзімі 10 тәулктен аспайды. Ал Қостанайдан Ташкентке жеткізу 40 күнге дейін жетуі мүмкін. Бұл экспорттаушылардың кінәсі деуге болмайды. Қазақстан халықаралық нарықтардағы позициясын жоғалтып жатыр», – деді Бақытбек Қадыров.

МТЖ-дағы «тар жерлерді» жою жөніндегі жоба 2023-2030 жылдардың 3 кезеңінде іске асырылатын болады. Осы жұмыстарға жоспарланған бюджет 366 млрд теңге, оның ішінде 212 млрд теңгені жеке инвестициялардан тарту жоспарланған.

Бизнес анализде жолдардың өткізу қабілеті, пойыздардың қозғалыс мөлшері және МЖС учаскелерінің жүктемесі, сондай-ақ станциялардың өңдеу қабілеті мен жүктемесі туралы ақпаратты көрсетуді ұсынды.

«Қандай учаскелерді жаңғырту қажет екенін түсіну үшін ең алдымен 2030 жылға дейінгі учаскелер мен станциялар бойынша тасымалдың ағымдағы және болжамды көлемі туралы анализ қажет. Жоба іске асырылғаннан кейін жақсартулар қалай әсер ететіні туралы ақпарат жоқ», – деп атап өтті «Dar Rail» ЖШС өкілі Александр Клим.

 Сондай ақ инфрақұрылымға салынатын инвестицияларға байланысты МТЖ қызметтеріне тарифтерді көтеру туралы бизнестің алаңдаушылығы айтылды.

«Біз мұның МТЖ реттелетін және реттелмейтін (транзиттік) қызметтерінің тарифіне қалай әсер ететінін білгіміз келеді», – деді кәсіпкерлер ҚТЖ өкілдеріне.

Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов бизнестің тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі мүмкіндіктерін ескеру қажеттігін айтты. Спикер өңдеушілер алдағы 3-5 жылда ағындарды қайта бағдарлап, экспортталатын өнімнің қуатын арттыратынын атап өтті.

Жалпы, кәсіпкерлер осы құжатты пысықтау кезінде ҚТЖ ескеретін талдауға бірқатар басқа ұсыныстарды да айтты.

 Тараптар қайта кездесу өткізуге келісті, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ бизнес ұсыныстарын ескере отырып, пысықталған анализді ұсынады.

Еске салсақ, ҚТЖ әзірлеген құжат 2022 жылғы 01 шілдедегі «магистральдық теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру үшін т/ж инфрақұрылымын дамыту» атты отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында бизнес-қоғамдастық айтқан мәселені шешудің алғашқы қадамы болып отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер