«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атамекен Алматы облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасында 9 салалық кеңес құрылады

2023 жылғы 14 Наурыз
- Алматы облысы
10699 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының 2023 жылғы 16 ақпандағы «Астананың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Кәсіпкерлер палаталары қызметтерінің кейбір мәселелері туралы» шешіміне сәйкес, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестерінің құрылатыны туралы хабарлайды:

  1. өнеркәсіп жөніндегі салалық кеңес;
  2. құрылыс жөніндегі салалық кеңес;
  3. энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі салалық кеңес;
  4. агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі салалық кеңес;
  5. көлік және логистика жөніндегі салалық кеңес;
  6. туризм жөніндегі салалық кеңес;
  7. сауда және қызмет көрсету жөніндегі салалық кеңес;
  8. білім жөніндегі салалық кеңес;
  9. денсаулық сақтау жөніндегі салалық кеңес.

Салалық Кәсіпкерлер кеңесінің мақсаты – Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Құжаттар тізімі:

  1. кәсіпкерлердің салалық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың (саланың санатын көрсете отырып) нысандағы өтініші;
  2. мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/куәліктің көшірмесі
  3. кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу;
  4. нысандағы кандидаттың түйіндемесі (фотосуретімен);
  5. кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
  6. кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысушылар туралы белгiленген үлгiдегi анықтама (тiркелген заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң анықтамасы немесе бағалы қағаздардың бiрыңғай тiркеушiсiнiң анықтамасы (тек акционерлiк қоғамдар үшiн);
  7. беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының болмауы/болуы туралы анықтама.

Өтінімдерді қабылдау: 2023 жылдың 15 наурызынан 15 сәуіріне дейін.

Қосымша ақпаратты Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасынан 8(72772) 79683 телефоны бойынша немесе Қонаев қаласы, 1 ықшамауданы, 14 Б гимараты, 2 қабат мекенжайы бойынша алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер