«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнеске KPI зауыты айналасында өндірістер құруға жердемдеседі

2023 жылғы 29 Мамыр
- Атырау облысы
16236 просмотров

Атырауда «KPI» ЖШС өндіретін жергілікті шикізат – полипропилен базасында мұнай-химия шағын өндірістерін құру және дамыту жоспарланған.

Бұл туралы «Атамекен» ҰКП, Petrocouncil.kz мұнай-газ кеңесі, «КРІ» ЖШС және Атырау облысы әкімдігі  арасында келісімге қол қойылды

Келісімге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мырзиев, «KPI» ЖШС перспективалық даму жөніндегі директоры Денис Козырев, Petrocouncil.kz төралқа төрағасы қатысты Ғибрат Сәрсенов және Атамекен ҰКП Мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жақиев қол қойды.

«Келісім шеңберінде полипропиленді қайта өңдеу бойынша шағын және орта бизнес жобаларын тарту, сондай-ақ тиісті инфрақұрылым және преференциялар құрумен Атырау шегінде (бастапқы кезеңде 22 га) шағын өнеркәсіп аймағын құру жөніндегі жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл бағытта жер учаскесін әкімдіктің балансына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілді», – деді Атамекен ҰКП Мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жақиев.

 ҰКП өкілінің айтуынша, «КРІ» ЖШС Атырауда шағын мұнай-химия өңдеуін құру үшін Атыраудың шағын өнеркәсіптік аймағы үшін шикізатты жеңілдік бағамен жеткізетін болады. Ал «Атамекен» ҰКП және Petrocouncil.kz шағын өндірістерді құру үшін ШОБ субъектілерін тарту бойынша жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ МӨЗ басқару жөніндегі басқарушы компания құрылады.

 «Тараптар арасында қол қойылған келісім Атырау облысында полипропиленді қайта өңдеу жөніндегі шағын өндірістерді құрудың басталуы бойынша маңызды мәнге ие. Шағын және орта бизнес үшін артықшылықтар – Шағын өнеркәсіп аймағы аумағында шикізатпен және дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болады. Сондай-ақ жобаларды қаржыландыру үшін мемлекеттік желі бойынша қаржылай қолдау шараларын құру мүмкіндігі мәселесі зерделенетін болады», – деп түйіндеді Асылбек Жақиев.

 Еске салсақ, 2022 жылдың желтоқсанында Атырауда «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың қатысуымен «QazPolymers» форум өтті. Онда Ұлттық палата басшысы KPI зауыты – үлкен мультипликативті әсері бар еліміздің серпінді жобаларының бірі екеніне назар аударды. Сондықтан ендігі міндет – одан әрі қайта бөлу өндірісін дамыту үшін оның айналасында нақты кластер құру. Форум қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Атырау облысының әкімдігі арасында «KPI» ЖШС шикізат-полипропилені негізінде шағын ШОБ өндірістерін дамыту және қолдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер