«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Іtaly4east International ITALY компаниясы меморандум түзді

2024 жылғы 07 Ақпан
- Шымкент қаласы
3364 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы мен халықаралық Іtaly4east International ITALY маркетинг консалтинг компаниясы арасында кәсіпкерліктің ғылыми және ғылыми-техникалық салаларын қолдау және дамыту аясындағы ынтымақтас меморандумына қол қойылды.

Қол қою онлайн форматта өтті. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы тарапынан құжатқа директордың орынбасары Мақсат Өткелбаев, ал Іtaly4east International Italy компаниясы атынан басқарма төрағасы Liliana Ursu Pugnetti (Лилиана Урсу Пугнетти) қол қойды.

Меморандум Италия мен Қазақстан арасындағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, Орталық Азияда бизнес жүргізуге мүдделі итальяндық компанияларды қолдау жолымен инвестицияларды ынталандыруға және Италия нарығына қазақстандық компаниялардың қатысуын ынталандыруға бағытталған.

«Ғылым мен бизнес-қауымдастықтың өзара тығыз іс-қимылы адами капиталды сапалы байытуға ғана емес, сонымен қатар, еңбек нарығының инновациялық сұраныстарын қанағаттандыруға, жекелеген өңірлердің де, ұлттық экономиканың да бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мақсат Өткелбаев.

Ынтымақтастық аясында тараптар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын ілгерілетуге және іске асыруға көмектесуге, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің ғылыми және ғылыми-техникалық саласындағы кедергілерді анықтауға және жоюға уағдаласты.

Бұған қоса келісім әлемдік компанияның шикізаттық емес экспортты ілгерілету, сауда және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру, техникалық көмек көрсету, екі ұйым арасындағы сараптамалар мен консультациялар саласындағы білімі мен тәжірибесін алмасуды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер