«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өнімді тәжірибе

2024 жылғы 30 Мамыр
- Алматы қаласы
2366 просмотров

Аяқталған оқу жылында Алматы қаласы бойынша 15 388 үшжақты (студент - кәсіпорын - колледж) келісім жасалды. Бұл оқушылардың барлығы дуальды оқыту бағдарламасы аясында кәсіби оқыту мен өнімді тәжірибе курсынан өтті. Дуальды оқытудағы Жол картасы реестрінің басқарушысы бола отырып «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпорындарға кәсіби кадрларды жүйелі түрде даярлауға,  ал білім алушыларға барынша тиімді жұмысқа орналасуға, мәнсабының өсуіне ықпал етеді.

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасарының м.а. Жанар Туребекова атап өткендей, өңірлік палата жыл сайын кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдарға дуальды оқыту, бағдарламаға қатысушылар үшін преференциялар туралы ақпарат береді. Өңірлік палатаның ықпалымен кәсіптік оқу орындарымен бірлесіп нәтижелі бейіндік практикасы бар кәсіптік кадрлар даярлауға ниет білдіретін кәсіпорындар мен бизнес-құрылымдардың тізілімі жаңартылып, толықтырылып отырады.

Бағдарламаға қатысушылар 28 мамырда Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстелді «Дуальды оқыту шеңберіндегі бизнес және білім» тақырыбына арнады. Мегаполистің ірі компаниялары мен колледждерінің 20-дан астам басшылары пікір алмасты. Алматы қаласы колледждерінің директорлар кеңесінің төрағасы Ерұлан Қарағұлов дуальды оқыту шеңберінде колледждердің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының одағы» ЗТБ өкілі Вера Цзин дуальды оқытуды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру туралы баяндады. Алматы қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ерік Әбішаев - колледждердің бизнеспен өзара іс-қимылы тақырыбын тарқатты.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 85 колледж жұмыс істейді, оның 62-сі жекеменшікті, 23-і мемлекеттік. Мемлекеттік колледждердің 18-і жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын техникалық және технологиялық бағыттар бойынша және «Жас маман» жобасы шеңберінде даярлайды. Онда 4,2 млрд. теңгеге әлемдік стандарттар мен танымал өндірушілердің инновациялық жабдықтары орнатылған. Ал әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің қолдауымен студенттердің практикалық дағдыларын нығайту және кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін құзыреттілік орталықтары ашылды.

Айта кету керек, 2023-2024 оқу жылында 690 кәсіпорын, 49 колледж, 34 сала, 69 мамандық, 109 біліктілік дуальды оқытумен қамтылды, 15 388 (студент - кәсіпорын – колледж) үшжақты келісім бекітілді.

Алдын-ала болжам бойынша, биылғы күзде бизнес тарапынан бағдарламаға қатысушылар саны 5-10 пайызға өседі деп күтілуде. Қазіргі уақытта «Эсаб Қазақстан» ЖШС, «ALG Company» АҚ, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «Келет» АҚ, «АлматыИнжСтрой» АҚ сынды және басқа да жұмыс берушілер аталған бағдарламаға қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, дуальды оқыту кезінде тәлімгерлік үшін ақы төлеу жолы қалай жүзеге асады; жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі қандай; өндірістік практикадан өту кезінде жатақханада тұрғаны үшін өтемақы қарастырылған ба? және т. б.

Кездесу соңында салалар мен бағыттар бойынша жұмыс берушілер одан әрі бірлескен жұмыс үшін қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер