«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балық өсіруші шаруалар су тарифын төмендетуді сұрайды

2024 жылғы 12 Шілде
- Түркістан облысы
1645 просмотров

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіптік кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің  кезекті отырысында балық өсіруші шаруалар тарапынан түскен өтінім-талаптары тыңдалды. Күн тәртібінде балық шаруашылығына жұмсалатын ағын су тарифын реттеу және жүргізілетін негізсіз, ескертусіз тексерулер, бие сүтіне төленетін субсидия қаражаты мәселелері талқыланады.

Балық өсіруші шаруалардың айтуынша, балық шаруашылығындағы кәсіпкерлерге суды егінге қолданылатын су тарифымен төлеу тиімсіз. Себебі, егіншілік пен балық шаруашылығының су тұтынуында үлкен айырмашылық бар.

«Түркістан облысында балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 224-ке жеткен. Оның ішінде 147-сі тоғанды балық өсіру шаруашылығы болса, 97-сі 2023 жылы жаңадан ашылған тоғандар», - деді Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбеков.

Егінге алынатын су жүз пайыз жерге сіңіп егін қажеттілігіне жұмсалса, балық шаруашылығына алынатын судың басым бөлігі тоғандардан өтіп, қайтадан су арнасына қосылады. Тоғанды салуға арналған жобаларға «Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шараушылығы инспекциясының» талабы бойынша су шығыны 5% дан аспауы керек.

Кәсіпкерлер су арнасына қайта қосылатын 95% суды ескере отырып балық шаруашылығы субъектілеріне қолайлы етіп ағын су тарифын жасақтау керектігін алға тартып отыр. Бұл мәселе орталық аппаратқа жолданып, оңды шешу жолдары қарастырылатын болады. Сондай-ақ, бие сүтіне төленетін субсидия қаражаты бойынша көтерілген мәселе облыс әкімдігіне өңір көлемінде оң шешімін қарастыру мақсатында жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер