«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» алаңында қазақстандық делегацияның Бакудегі COP 29 бағдарламасына бизнес қауымдастықтың ұсыныстары талқыланды

2024 жылғы 24 Шілде
1214 просмотров

Дереккөз: https://1news.az/

Ағымдағы жылдың қараша айында Әзірбайжанда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-отырысы өтеді. Негіздемелік конвенция тараптарының 198 делегациясы үшін талқылаудың негізгі тақырыбы климаттық қаржыландыру болмақ.

Қатысушы елдер бағдарлама мен павильондарды құру бойынша дайындықты бастады. «Атамекен» ҰКП алаңында Тұрақты даму кеңесі мен ESG қазақстандық делегация павильонын толтыру бойынша бизнес қауымдастықтың ұсыныстары талқыланды.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері «Атамекен» ҰКП BINGO (Business and Industry Non-Governmental Organizations) тобына кіруіне келісім берді. Бұл біздің кәсіпкерлерге COP алаңында климат мәселелері бойынша пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.

Кеңес павильонның толтырылуы мен күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау бойынша ұсыныстарға ашық екенін хабарлайды. Бұл ретте, дайындық жұмыстарына мерзімнің шектеулігін ескере отырып, уәкілетті органның (ЭТРМ) өкілдері аталған мәселелер бойынша жедел өзара әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер