«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білім-күш! Және бизнеске көмек

2024 жылғы 21 Тамыз
- Алматы қаласы
3733 просмотров

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында гибридті форматта кәсіпкерлер үшін «дөңгелек үстел» өтті. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, мемлекеттік бақылау органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және ЕАЭО кедендік шекарасына жанаспайтын ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы нақты тауарлардың өткізілуін бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚР заңнамасындағы өзгерістер бойынша барлық қажетті түсініктемелер берді.

Жаһандану және халықаралық сауданың белсенді дамуы жағдайында арнайы тауарларды шекарадан өткізу ережелерін білу кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырған «дөңгелек үстел» кәсіпкерлерге жәрдем ретінде ұйымдастырылды.Арнайы тауарларды тасымалдайтын кәсіпкерлер:

- Нақты тауарларды кедендік ресімдеудің негізгі ережелері мен рәсімдерін білу керек;

- Табысты экспорт пен импорт үшін сертификаттау мен стандарттарға сәйкестіктің маңыздылығын түсінуі абзал;

- Сыртқы экономикалық қызметке қатысты Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО заңнамасындағы өзекті өзгерістерді зерделеу;

- Кедендік рәсімдерге байланысты практикалық мәселелер мен кейстерді талқылау.

Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС бойынша бас сарапшысы Берік Қарисов арнайы тауарлардың тізбесі мен түрлері, олардың ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін бақылау жөніндегі заңнамадағы соңғы өзгерістер, оның ішінде ЕАЭО шеңберінде қажетті құжаттаманы ресімдеу тәртібі туралы айтып берді. Сондай-ақ, тиісті ресімдеусіз тасымалданатын арнайы тауарларды тәркілеу жағдайындағы жауапкершілік туралы. Заңның соңғы өзгерістеріне сәйкес, жүк көтергіштігіне, ұшу қашықтығына немесе жылдамдығына және т. б. қарамастан барлық пилотсыз ұшу аппараттары да арнайы тауарларға жатады. Ал мемлекеттік кірістер комитетінің органдары, 2023 жылдан бастап, тасымалданатын арнайы тауарларды тексеріп, тиісінше рәсімделмеген жағдайда оларды қарауға және нұсқама ұсынбай-ақ тәркілеуге құқылы. Мұндай фактілер жоқ емес, - деп түсіндірді кездесу модераторы. Заң бойынша мұндай заң бұзушылықтар үшін 5 мың АЕК-ке дейін ірі айыппұлдар және тіпті бас бостандығынан айыру жауаптылығы қарастырылған. Сондықтан, нақты санатқа жататын тауарларды тасымалдау саласында жұмыс істейтін компаниялардың мамандары заңнаманың барлық талаптарын нақты білуі және қатаң сақтауы керек.

Сондай-ақ, «дөңгелек үстел» жұмысына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бас маманы Нұрадин Жұмалиев, Жетісу облысы бойынша кедендік әкімшілендіру басқармасының тарифтік емес реттеу және зияткерлік меншік бөлімінің басшысы Бауыржан Бақытұлы, Алматы облысы бойынша «Қалжат» кеден бекеті басшысының орынбасары Нұрбол Жұмалиев және құқықтық мәселелер бойынша Алматы қаласының ӨКП директорының орынбасары Мейрамбек Қаныбеков қатысты.

Басқосу барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Басқосудағылар мұндай іс-шаралардың бизнес үшін өте пайдалы екенін атап өтті, өйткені олар өзекті ақпаратты мемлекеттік органдар мамандарының өз аузынан естіп, сала мамандары және әріптестерімен жақсы іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер