«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Халықаралық ынтымақтастық нәтижелі болуды көздеп отыр

2024 жылғы 16 Қыркүйек
- Алматы қаласы
834 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Шырғанақ өңдеу, графен жеткізу, жаңартылатын көздерден энергия өндіру. Осы және басқа жобалар халықаралық ауқымға ие болады. В2В форматында Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП алаңында отандық және қашқарлық кәсіпкерлердің кездесуі өтті. Тараптар өзара қызығушылық танытып, халықаралық ынтымақтастық туралы алғашқы келіссөздер жүргізді.

200-ден астам индустриалды кәсіпорын халықаралық ынтымақтастыққа ашық. Олардың негізгілерінің әлеуеті мен қуаты туралы Қашқар қаласы өнеркәсіп және ақпараттандыру басқармасының хатшысы Джанг Юнг Суо айтып берді. Аспан асты елінің кәсіпкерлері минералды ресурстарды игеру, байланыс, жаңартылатын энергия, логистика, медицина жабдықтарын өндіру, фармацевтика және т.б. салалардағы халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда.

«Атамекен» ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жанна Мырзақұлова қонақтарға халықаралық бизнесті қолдаудағы Палата қызметтерін атап өтті.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнеске, сонымен қатар халықаралық бизнеске толық қолдау көрсетеді. Палата алаңында серіктестермен диалог құру, заңгерлік кеңес және сертификаттар беру, өнімді экспорттау сынды, сонымен қатар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу, бизнес-жоспарлар жасау, декларацияларды жабу және басқа да қызметтер толығымен тегін көрсетіледі», - деп түсіндірді Жанна Мырзақұлова.

Сонымен қатар, ӨКП директорының орынбасары ағымдағы жылдың сәуір айында ШҰАА-да «Атамекен» өкілдігі ашылғанын, ал тамыз айында Палата алаңында Алматыда дәл сондай бизнес-палата жұмысын бастағанын атап өтті. Бұл екі елдің кәсіпкерлеріне бірлескен бизнес үшін қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектеседі. Қазақстандық кәсіпкерлер шырғанақ өңдеуде, графен өндіру зауытын салуда, жаңартылатын және баламалы көздерде электр станцияларын салу мен оларға қызмет көрсетуде ынтымақтастық жобаларды ұсынды. Сондай-ақ, Аспан асты елінен келген қонақтар туризм, телекоммуникация, медициналық жабдықтар, жарық диодты аспаптарын өндіру және тағы басқа да көптеген ынтымақтастық бағыттарын дамытуға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар байланыс алмасып, біріккен жобаларды іске асырудағы іскерлік жолдарын талқылауға кірісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер