«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Енисей сібірі» ынтымақтастыққа дайын

2024 жылғы 18 Қыркүйек
- Алматы қаласы
3377 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Красноярск өлкесінің 70 астам компаниясы – «Енисей Сібірі» кешенді инвестициялық жобасының қатысушылары. Қазақстандық кәсіпкерлермен Халықаралық бизнес-жобаларды құруға қызығушылық танытуда. Тараптар 17 және 18 қыркүйекте Алматыда өткен инвестициялық ынтымақтастық форумында  кейстер мен ұсыныстармен алмасты, секторлар бойынша келіссөздер жүргізді.

«Енисей Сібірі» металлургия, тау - кен, газ және мұнай өндіру салаларының өнеркәсіптік өндірісін өсіруге, агроөнеркәсіптік кешенді, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жалпы сомасы 33 млрд. АҚШ доллардан асатын 40 жобаны біріктіреді. Красноярск өлкесі инвесторлар мен жобаның резиденттері ретінде қазақстандық бизнесті тартуға мүдделі», - деп атап өтті  «Ресей экспорттық орталығы» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы Олег Печенкин.  

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов қазақстандық бизнестің ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтіп, Палата өз тарапынан барлық қажетті қолдау шараларын көрсететініне сендірді.

«Атамекеннің» құрылтайшысы ҚР Үкіметі болып табылады, біз еліміздің барлық өңірлерде өкілдік етеміз. Біздің құрылымға Қазақстанның сыртқы сауда палатасы кіреді. Бизнеске көрсететін қызметтер тұрғысынан, заңгерлік қолдау, бизнесті қорғау, халықаралық ынтымақтастық, серіктестердің жүздесуіне көмек, салалық даму бар. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда бар кез келген шаралар мен кез келген қолдау қызметтерін ұсынуға әзірміз. Сіздер оны Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы арқылы толықтай пайдалана аласыздар. Жуырда қаламызда ҚХР өкілдігін аштық. Сондықтан Алматы – Қазақстанның бизнес ортасына кіру ғана емес, сонымен қатар біздің жақын көршіміз – Қытайға әлеуетті экспортқа шығу жолы деп санаймын. Қазіргі Алматы - іскерлік орталық. «InDrive», «Yandex», «DoDo pizza» сынды көптеген компаниялар өздерінің бас құрылымдарын осында орналастыруды жөн көрді. Алматы өз тарапынан өнімді өткізу нарығы ретінде өте үлкен және кәсіпкерлік белсенді шаһар. Бізде Қазақстан бойынша өз қызметін жүзеге асыратын 410 мыңға жуық бизнес кәсіпорны тіркелген. Мұнда кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекет жер учаскелерін беретін индустриалды аймақ бар. Осылайша, сіз өз өндірістеріңізді орналастыра аласыз және салықтық преференциялар тұрғысынан, айналым қаражаттарына, инвестицияларға қосымша қаражат жинау тұрғысынан бірқатар артықшылықтарды пайдалана аласыздар. Алайда, Қазақстан алуан түрлі, өңірлер бір-бірінен экономиканың құрамы жағынан ғана емес, тәсілдері жағынан да ерекшеленетінін атап өткен абзал, сондықтан әр аудан ерекше. Яғни, сіз серіктестерді тек Алматыда ғана емес, басқа өңірлерде де таба аласыз. Жалпы, өзім және менің әріптестерім жаңа жобаларды қолдауға дайынбыз», - деді Нұрсұлтан Шоқанов.

Форумды өткізу барысында әр компания өзінің презентациялық материалын ұсынды. Олармен танысқаннан кейін секторлар бойынша келіссөздер жүргізілді. Мүдделі кәсіпкерлер ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ниет білдірді. «Енисей сібірін дамыту корпорациясы» дербес коммерциялық емес ұйымымен Қазақстандық Туристік қауымдастық пен Қазақстан құрылысшылар одағы келісім жасасты, ал «Маржан Өтеген» наубайханалар желісі бар «EUROSERVICE» компаниясы наубайханалар мен кондитерлік өнімдерге арналған климаттық қондырғылар өндірісіне маманданған «Пионер» ЖШҚ-мен келісім бекітті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер