«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби қауымдастық өкілдеріне арналған қосымша іріктеу басталды

2024 жылғы 22 Қараша
705 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлттық палата Басқармасының 02.11.2023 жылғы № 45 шешімімен Техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қызметтердің ұлттық нарығын қалыптастыру жөніндегі кеңес құрылғанын хабарлайды.

Кеңестің қызметі осы саладағы кәсіби қызметтердің тұрақты және бәсекеге қабілетті ұлттық нарығын қалыптастыруға ықпал ететін стратегияларды, стандарттар мен практикаларды бірлесіп дамыту үшін техногендік қауіпсіздік саласындағы кәсіби қауымдастықты нығайтуға бағытталған.

Кеңес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызметті жүзеге асыратын нарық субъектілерін біріктіреді:

М – кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

71 – сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызмет;

71.2 – техникалық сынақтар мен талдаулар;

74 – өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

74.90.9 – басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет:

– қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес беру;

– сандық тексерулер (бағалаулар) бойынша мамандардың (инспекторлардың) қызметі.

Кеңестің одан әрі тиімді жұмыс істеуі және оның қатысушыларының құрамын кеңейту үшін қазіргі уақытта Ұлттық палатада аккредиттелген және аккредиттелмеген жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) өкілдері қосымша жинақталуда.

Осы бағытты дамыту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуге кешенді көзқарас мақсатында кәсіптік қауымдастық өкілдерін іріктеу жүргізіледі.

Кеңеске қатысу үшін Сіз:

1) көрсетілген ЭҚЖЖ сәйкес қызметті жүзеге асыруыңыз қажет;

2) кәсіби қызметтер саласында тиісті құзыретіңіз бен жұмыс тәжірибеңіз болуы тиіс.

Кеңеске қатысуға өтініштер осы жылдың 3 желтоқсанына дейін қабылданады.

Егер сұрақтарыңыз болса +7 (7172) 91 93 59 телефонына хабарласуға болады.

ЭҚЖЖ сипаттамасын, құзыреті мен жұмыс тәжірибесін қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінішті e.dryavininkaytis@atameken.kz электрондық поштасына жіберуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер