«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таза өндіріс кеңесі кәсіпкерлердің мәселелерін талқылады

2024 жылғы 05 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1501 просмотров

Дереккөз: kapital.kz

Таза өндіріс құруда Алматы кәсіпкерлері алдында қандай кедергілер тұр?  Оларды шешуде қандай тиімді тетіктерді әзірлеу қажет?  Бұл сауалдарды салалық Кеңес мүшелері талқылады.

Даму динамикасын, халық санын және экологиялық сын-қатерлерді ескере отырып, Алматыда таза өндірістерді күн сайын енгізу қажет. Алайда, өндіріске жаңа технологияларды енгізгісі келетін бизнес үлкен инвестициялардың қажеттілігі және субсидиялаудың болмауы, техникалық білім мен білікті кадрлардың жетіспеушілігі, сондай-ақ қолданыстағы өндірістік процестерді  жаңа, экологиялық таза технологияларға бейімдеу қажеттілігі сияқты мәселелерге тап болады. Сондай-ақ жоғары операциялық шығындарға, заңнамадағы өзгерістерге байланысты ұзақ мерзімді жоспарлаудағы қиындықтарға тап болады.

Мәселелердің шешімін мемлекеттік органдармен тығыз байланыс арқылы табуға болады, - дейді Кеңес мүшелері. Ал, қалалық деңгейде шешімі табылмаған сауалдардың оңтайлы нұсқаларын ұсына отырып, салалық кеңес Өңірлік кеңеске жолдайтын болады. Жақында өңірлік кеңестің құрамы толығымен жаңартылады. Сайлау екі себеппен өткізіледі. Бірі - өңірлік кеңесінің мерзімінің аяқталуы болса, екіншісі (негізгісі) Ұлттық палатаны трансформациялау аясында, - деп түсіндірді «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова. Өңірлік құрамда әрбір салалық кеңес өкілдерінің тең қатысуы мақсатында екі кандидаттан ұсынылады. Алматыда өңірлік кеңеске сайлау 2025 жылдың қаңтарында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер