«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ортақ іс

2025 жылғы 15 Қаңтар
- Алматы қаласы
357 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлаудың тәртібі мен рәсімін түсіндіру бойынша семинар өтті. Оған Палата жанындағы салалық кеңестердің төрағалары және осы жұмысқа жетекшілік ететін ӨКП қызметкерлері қатысты.

Талқылау қызу өтті. Түскен сұрақ аз емес. Ұлттық палатаның өңірлерді дамыту департаменті директорының орынбасары Ксения Семенчук әрқайсысына егжей-тегжейлі жауап берді.

«Сайлауға қатысуға өтінім берген үміткерлердің құжаттарын Ұлттық палата деңгейінде құрылған орталық сайлау комиссиясы тексеруде. Бұдан әрі дауыс беру салалық кеңестің өзінде өткізілетін болады. Сонымен қатар, әр салалық кеңесте тұрақты мүшелер аккредиттелген қауымдастықтардың кандидаттарына дауыс береді. Алматыда аккредиттелген қауымдастықтардың ең үлкен көрсеткіші тіркелген. Олардың 12 өз үміткерлерін ұсынды. Алайда, ҰКП төралқасы квотаны 8 орын санында бекітті. Осылайша, өкілеттігі 4 жылға созылатын аймақтық кеңеске ең көп дауыс жинағандар сайланады. Бірақ осы 4 жыл ішінде салалық кеңес мүшелері белсенділігі төмен немесе жиындарға қатыса алмайтын делегаттарды ауыстыра алады. Жаңа үміткерлерді  ұсыну, жалпы сайлаудың ережесімен жасалады», - деп түсіндірді Ксения Семенчук.

Әр өңірдегі сайлау белгіленген күндер бойынша өтеді. Алматыда бұл 27, 28 және 29 қаңтар. Дауыс беру рәсімінің  алдында, Ұлттық палатаның сайлау комиссиясы бекіткен үміткерлер 17-26 қаңтар аралығындағы 10 күн ішінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе алады. Аккредиттелген қауымдастықтар үшін де, өзі үшін де. Форматында  шектеу жоқ. Тек заң аясында болуы тиіс. Яғни, бұл бұқаралық ақпарат құралдарына шығу, әлеуметтік желілерде жарияланым жсау немесе кездесулер арқылы жүзеге асыруға болады. Барлық үміткерлерге тең құқықтар мен мүмкіндіктер беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының өңірлік палатасының өтінімдерді қабылдауы ресми хабарландырудан кейін, 2024 жылғы 17-30 желтоқсан аралығында өткізілді. Нәтижесінде өңірлік палата орталық сайлау комиссиясының тексеруіне 44 өтінім жолдады.

«Тексеруден кейін құжаттар өңірлерге қайтарылады. Орталық сайлау комиссиясы сайлауға жіберген үміткерлердің толық тізімі өңірлік палата сайтында https://almaty.atameken.kz/kk/ Facebook, Instsgram, Telegram әлеуметтік желілеріндегі  парақшаларында және кейбір БАҚ-да жарияланады», - деді Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзақұлова.

Семинарға қатысушылар аймақтық кеңестің мүшелігін өте жауапты іс санайды. Сондықтан үміткерлерін жан-жақты ойланып ұсынды. Өңірлік кеңестің талқылауына бизнес мәселелері, өңірлік кеңес мүшелерінің пікірі бойынша өңірлік палатаның жұмысына қабылдануы тиіс мәселелер қарастырылады, қала әкімімен және орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасалады. Осы мәселелердің барлығы шара қолдану үшін ӨКП басшылығына жолданады. Сонымен қатар өңірлік палата директоры мен оның орынбасарлары кандидатураларын қарастырады, өңірлік палата жұмысының тиімділігін бағалайды да ұсыныстарын орталық аппаратқа жібереді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер