Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП жанындағы Өңірлік кеңестің жаңа құрамы қалыптасты
Алматы қаласы бойынша өңірлік кеңестің құрамына барлығы 30 кәсіпкер кірді. Олардың барлығы белсенді азаматтық ұстанымы бар қаланың бизнес-қоғамдастығының өкілдері. Жаңа ережелерге сәйкес 22 квота салалық кеңестерге және 8 – кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтарға бөлінген.
Биыл өңірлік кеңеске сайлау жаңа ереже бойынша өтті. Оның құрамы салалық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтардан құрылды. Салалық кеңестердің құрамында кемінде үш жыл жұмыс істейтін және өз кәсіпорнының өсу серпінін дамытқан, халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін жұмыс процесіне инновацияларды енгізетін өнімді кәсіпкерлер қатарынан құрылатынын ескере отырып, өңірлік кеңестерге олардың ең белсенділері кірді. Сонымен қатар, үміткерлер сайлауалды бағдарламаларда ұсынған бизнес мәселелерін шешу жөніндегі бастамалардың өнімділігін ескере отырып, оларды салалық кеңестердің мүшелері өздері таңдады.
«Өңірлік кеңеске кәсіпкерлік тағдырына бей-жай қарамайтын, бизнестің табысты моделін құра алатын, жұмыс пен өндіріс процесіне инновациялар енгізетін, жаңа жұмыс орындарын құра алатын кәсіпкерлер сайланғаны қуантады. Кәсіпкерлер палатасының кеңесші және байқаушы органы бола отырып, Өңірлік кеңес жергілікті және республикалық маңызы бар барлық мемлекеттік органдармен өзара іс - қимыл жасауға уәкілетті. Сондықтан, бұдан әрі бірлескен жұмыс жақсы нәтиже береді деп үміттенеміз», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзақұлова.
Барлығы сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлерден 43 өтінім келіп түсті. Құжаттарын тексеруден кейін, барлығы сайлауға қатысу құқығына ие болды. Сайлауалды науқаны 17-26 қаңтар аралығында өтті. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлер көптеген кездесулер өткізді, жұмыстағы «ауырсыну» сәттерін талқылады, сондықтан сайлаушылар бағдарламалары бизнес-климатты жақсарту бойынша мақсатты бастамаларымен ерекшеленетіндердің пайдасына берік таңдау жасады.
Сайлау аймақтық палата алаңында 27-29 қаңтар аралығында өтті. Олардың барысын өңірлік сайлау комиссиясының мүшелері, кандидаттардың өздері бақылап отырды, сондай-ақ онлайн режимде үш позициядан үздіксіз бейнетүсірілім жүргізілді. Жазбасы сақталады. Бұл процестің барынша ашықтығын қамтамасыз етті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы орталық сайлау комиссиясы толық тексерістен кейін Өңірлік кеңестің құрамын бекітті.
Өңірлік кеңес мүшелерінің тізімі:
№ |
аты-жөні |
Ұйымның атауы/ қызметі |
Кеңес атауы |
1 |
Ахметов Алмат Сагындыкұлы |
«Жигалма» ЖШС бас директоры |
Таза өндіріс жөніндегі салалық кеңес |
2 |
Барышев Максим Анатольевич |
«Boss media group» ЖШС директоры |
Қаржы институттарының салалық кеңесі |
3 |
Джасенов Сәкен Фатыханұлы |
«Нұрбанк» АҚ Алматы қаласындағы филиал директоры |
Қаржы институттарының салалық кеңесі |
4 |
Идрисов Руслан Рашитович |
«TUKANO» ЖШС директоры |
Логистика және сауда жөніндегі салалық кеңес |
5 |
Қиқымов Мақсат Сәкенұлы |
«Smart Football» ЖШС басқарушы директоры |
Туризм жөніндегі салалық кеңес |
6 |
Қозбағарова Әсем Бекетқызы |
«SkyWay LTD» ЖШС директоры |
Туризм жөніндегі салалық кеңес |
7 |
Каблов Вадим Викторович |
«Народный банк Казахстана» АҚ филиал директоры |
Қаржы институттарының салалық кеңесі |
8 |
Құрабаева Жанар Төкешқызы |
«Тигрохауд» ЖШС бас директоры |
Микро және шағын бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі кеңесі |
9 |
Қожатаев Диас Ғалымжанұлы |
«MOST IT Hub Almaty Limited» меншікті компанияның бас директоры |
Креативті индустриялар мен ІТ жөніндегі салалық кеңесі |
10 |
Қадырқұлова Алмагүл Қарашқызы |
«Adal Kyzmet Group» ЖШС бас директоры |
Таза өндіріс жөніндегі салалық кеңесі |
11 |
Марова Әлия Рахымқызы |
«Human Capital Partners» ЖШС директоры |
Іскер әйелдер салааралық кеңесі |
12 |
Мұқашев Әмірхан Ахатұлы |
«TEZBER Company» ЖШС директоры |
Логистика және сауда жөніндегі салалық кеңесі |
13 |
Мун Мария Александровна |
«NOTO Agency» ЖШС бас директоры |
Креативті индустриялар мен ІТ жөніндегі салалық кеңесі |
14 |
Набиев Барзони Гусейнович |
«A.B.S. Строй» ЖШС құрылтайшысы |
Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму кеңесі |
15 |
Рахметов Олжас Нұрланұлы |
«LCI-MK» ЖШС бас директоры |
Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму кеңесі |
16 |
Сүлейменов Ержан Әбілқасымұлы |
«Global Health Solutions» ЖШС медициналық кеңесшісі |
Білім және денсаулық сақтау жөніндегі салалық кеңесі |
17 |
Түсіпова Лейла Амангелдіқызы |
«Тұран» Университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры |
Білім және денсаулық сақтау жөніндегі салалық кеңесі |
18 |
Өтемісов Мұрат Мұсаұлы |
«Kusto Home» ЖШС бас директоры |
Құрылыс жөніндегі салалық кеңесі |
19 |
Шардинов Шухрад Ахметжанович |
«АЗМК Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы |
Алматы қаласының инфрақұрылымдық даму кеңесі |
20 |
Шоқанов Нұрсұлтан Нұрланұлы |
«Omir Group» компаниялар тобының президенті |
Құрылыс жөніндегі салалық кеңесі |
21 |
Щербинин Алексей Валерьевич |
«KSC-Plast» ЖШС директоры |
Таза өндіріс жөніндегі салалық кеңесі |
22 |
Эрметов Абдулазиз Ильхамджанович |
«Lemonade Food» ЖШС бас директоры |
Микро және шағын бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі кеңесі |
23 |
Айтқожина Любовь Викторовна |
«КАНО» КЖЗТБ филиал директоры |
қауымдастық |
24 |
Бұрыншин Асқар Мұратұлы |
«ALATEX» өңіраралық қауымдастығы» ЗТБ президенті |
қауымдастық |
25 |
Иманбекова Айнұр Бақытжанқызы |
ҚР жеңіл өндіріс қауымдастығының президиум мүшесі |
қауымдастық |
26 |
Омарханов Ербол Секенұлы |
«Ассоциация микрофинансовых организаций Казахстана» ЗТБ төрағасы |
қауымдастық |
27 |
Палташева Мұнавара Тұрсунқызы |
«Ассоциация форум предпринимателей Казахстана» ЗТБ орындаушы директоры |
қауымдастық |
28 |
Покусов Виктор Владимирович |
«Казахстанская ассоциация информационной безопасности» ЗТБ төрағасы |
қауымдастық |
29 |
Проценко Игорь Александрович |
«Гильдия мебельщиков РК» ЗТБ төрағасы |
қауымдастық |
30 |
Шәйкенова Рашида Рашидқызы |
«Казахстанская туристская ассоциация» ЗТБ директоры |
қауымдастық |
Осылайша, Алматы қаласының өңірлік кеңесінің құрамына 10 әйел мен 20 ер адам кірді, жаңа мүшелер саны - 24 және 6 мүше бұрынғы құрамнан сайланды, яғни 80 пайызға жаңарды. Өңірлік кеңес мүшелерінің орташа жас мөлшері - 45 жас.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: