«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодардағы «Атамекен» палатасында прокуратура өкілдеріне бизнесті қорғауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірілді

2025 жылғы 17 Желтоқсан
- Павлодар облысы
263 просмотров

Прокуратура күніне орай Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерканат Әбенов қадағалау органдарының өкілдеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовтың атынан Құрмет грамоталарын табыстады.

Ерканат Әбенов прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен белсенді ынтымақтастығы үшін, сондай-ақ бизнестің проблемалық мәселелерін шешуге, оның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға көрсеткен нәтижелі қолдаулары үшін алғыс білдірді. РПП «Атамекенде» Құрмет грамоталарын Павлодар қаласы прокурорының орынбасары Дархан Аметаев пен Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі Жандос Сағатбеков алды. Сонымен қатар Құрмет грамоталары облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының басшысы Айдар Байсаковқа, мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Алмас Әбішевке, Шарбақты ауданының прокуроры Рүстем Есеновке және Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары Асхат Әтикеевке жолданды.

«Бизнес біздің қолдауымызға үлкен ризашылық білдіреді. Сіздермен бірлескен жұмысымыз аясында “Жасыл дәліз”, “Фронт-офис” және бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар сияқты бағыттар бойынша прокуратураға да, “Атамекенге” де жылы лебіздерін жеткізіп жатады», – деп атап өтті Ерканат Әбенов.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы қадағалау органдарымен белсенді түрде ынтымақтасып келеді. Мәселен, Жандос Сағатбеков РПП «Атамекен» жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің тұрақты мүшесі болып табылады, осыған байланысты өңір прокуратурасы кеңес жұмысына тартылған. 2025 жылы Палата жанындағы бұл құрылым қадағалау органымен бірлесіп 15 отырыс өткізді, оның ішінде екеуі көшпелі форматта өтті. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 22 мәселе қаралып, 40 ұсыным әзірленді, оның 38-і мемлекеттік органдар тарапынан қабылданды. Осы жұмыстың арқасында кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін төрт лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174