«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП индустриялық сертификаттарды ҚТӨ тізіліміне автоматты енгізу тетігін іске қосуда шешуші рөл атқарды

2025 жылғы 23 Желтоқсан
695 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жүргізілген жұмыстың және мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылданған шешімдердің нәтижесінде қолданыстағы индустриялық сертификат иелерін Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне (ҚТӨ) автоматты түрде енгізу тетігі іске қосылды.

Бір уақытта жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар жағдайында отандық өндірушілерге түсетін жүктемені азайту мақсатында индустриялық сертификат иелерін ҚТӨ тізіліміне автоматты енгізу тетігі бойынша Жол картасы қабылданды. Құжаттағы міндеттерді орындауға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белсенді атсалысуда.

Қолданыстағы индустриялық сертификат иелерін Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне автоматты енгізу тетігінің іске қосылуы Ұлттық палатаның жүйелі жұмысының нәтижесінде мүмкін болды. Бұл шешім отандық бизнес үшін стратегиялық маңызға ие және қазақстандық өндіруші мәртебесін растаудың жаңа моделіне көшу жолында маңызды кезең болмақ.

ҚТӨ тізілімін енгізу барысында бизнестің бір уақытта бірнеше ауқымды реформалардан өтуі бірқатар тәуекелге алып келді. Ұлттық палата бұл тәуекелдерді дер кезінде анықтап, адал өндірушілердің мүддесін қорғауға бағытталған шешімдердің қабылдануына қол жеткізді.

ҰКП-ның белсенді араласуымен индустриялық сертификаттар арқылы өз мәртебесін бұрыннан растаған кәсіпорындарды ҚТӨ тізіліміне автоматты түрде енгізу тетігі әзірленіп, келісілді. Бұл:

- отандық өндіруші мәртебесінің кенеттен «жойылуына» жол бермеуге;

- өтпелі кезеңде бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға;

- отандық кәсіпорындардың сатып алуларға қатысуы мен мемлекеттік қолдау шараларын алудағы сабақтастықты қамтамасыз етуге;

- бизнестің жүргізіліп жатқан мемлекеттік реформаларға деген сенімін сақтауға мүмкіндік берді.

Қол жеткізілген шешімдер өндірушілерге жаңа жүйеге ешбір ауыртпалықсыз өтуге, сондай-ақ отандық бизнеске залал тигізбей көшуге жағдай жасайды.

Сонымен бірге Палата кәсіпорындарға ҚТӨ тізіліміндегі мәртебені түпкілікті бекіту үшін 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін өтінім беріп, цифрлық верификациядан өту қажеттігін жүйелі түрде түсіндіріп келеді.

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес ҚТП тізілімін енгізудің өтпелі кезеңін ұзарту мүмкін болмаған жағдайда, кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға және тұрақтылықты сақтауға бағытталған шешімдерге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында жергіліктендіру үлесін арттыру және отандық шикізат пен технологияларды барынша пайдалану міндеттері қойылған. ҚТӨ тізілімі – осы міндеттерді іске асырудың негізгі құралы.

Палата ҚТӨ тізілімін енгізуге қатысумен шектелмей, одан әрі жүйелі шешімдерді ұсынды: елішілік құндылықты айқындау әдістемесін қайта қарау, тауарларды санаттау жүйесін енгізу және әділ преференциялар жүйесін қалыптастыру. Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың нақты ел ішінде қосылған құн қалыптастыратын өндірушілерге бағытталуын қамтамасыз етуге арналған.

Тауарларды санаттау жүйесін енгізу реттелетін сатып алуларда әділ преференциялар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, жергіліктендіру деңгейі жоғары өндірушілер үшін бәсекелестікке қолайлы жағдай жасап, елішілік құндылықтың өсуін ынталандырады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қолдау көрсету кезінде әділ әрі объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тәсілдерді әзірлеу жұмысын жалғастыруда.

ҚТӨ тізілімі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес құрылды. Тізілім – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі және қазақстандық тауар өндірушілер мен отандық шығу тегі бар тауарлар туралы мәліметтерді қамтиды.

Еске сала кетсек, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚТӨ тізілімінен алынған үзінді қолданыстағы СТ-KZ сертификаттары мен индустриялық сертификаттарды толықтай алмастырады.

Индустриялық сертификаты жоқ отандық өндірушілер де технологиялық операциялардың орындалуын сақтап, ҚТӨ тізілімін жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкестігін растаған жағдайда ҚТӨ тізіліміне енгізілуге өтінім бере алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174