«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЭКОЖҮЙЕ

2022 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен отандық бизнес өкілдері қатысуымен кеңес өтті.

Күн тәртібінде кәсіпкерлік құқығын қорғау, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға кәсіпкерлердің қатысуы, шағын және орта бизнесті жүйелі қолдау мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының өкілдеріне кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау әсіресе, тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізудің алдын алуды барынша қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Осы мәселелер бойынша бірқатар нақты шараларды жүзеге асыру тапсырылды.

Ол сондай-ақ Бас прокуратураға Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, тергеуді қозғау немесе қозғау туралы шешім қабылдау кезінде қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік салаларын шектеу тетіктерін жедел әзірлеуді тапсырды.

Осыған орай, Атырау облысы прокурорының 2022 жылғы 1 шілдедегі бұйрығымен қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз қатысу және рейдерлік әрекет фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының негізгі міндеттері заңсыз қылмыстық қудалау, сондай-ақ рейдерлік іс жүргізу фактілері бойынша өтініштерді қадағалау және қарау болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің мұндай шағымдарыжұмыс тобының қарауына енгізіледі.

Топтың құрамына Атырау облыстық прокуратура қылмыстық қудалау департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, экономикалық тергеу департаментінің, кәсіпкерлік басқармасының, полиция департаментінің, адвокаттар алқасының және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізілді.

 

  • Атырау облысы прокуратурасы

Тел.: 8/7122/270801, 8 778 842 00 20

 

  • Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы

Тел.: 8/7122/763653, 8 701 341 28 46

 

      -   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігі Атырау облысы бойынша Департаменті

Тел.: 8/7122/726644, 8 702 470 26 81

 

  • Атырау облысы әкімдігі

Тел.: 8/7122/556408, 8 707 600 98 01

 

Адвокаттар:

  • Вранчев Игорь Олегович - 8 705 915 52 52;
  • Ибраймов Айдос Сайынұлы - 8 701 453 92 77;
  • Сундеткалиева Жанаргул Кадыржанқызы - 8 701 770 65 73;
  • Билялов Райымбек Галимеденұлы - 8 778 248 42 11;
  • Жолболов Нурлан Кайржанұлы - 8 701 577 00 90;
  • Мукатанов Талгат Базарбайұлы - 8 701 111 23 55;
  • Малюкова Юлия Александровна – 8 701 635 32 33.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер