Салалық және аудандық кеңес
Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы жанынан 9 салалық кәсіпкерлер кеңесі құрылған және жұмыс істейді. Олар Палатаның тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдары болып табылады.
Салалық кәсіпкерлер кеңестерінің мақсаты – облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда өңірлік палатаға қолдау көрсету.
Салалық кеңестердің міндеттері:
- Кәсіпкерлік субъектілерін өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тарту;
- Өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған, елеулі әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бастамаларды ұсыну және қолдау;
- Өңір кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін азаматтардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығына қатысты мәселелерді талқылауға тарту және осы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Өңдеу өнеркәсібі кеңесі. Төрағасы – Асылбеков Азамат Бисалиевич.
.jpeg)
Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі кеңесі. Төрағасы – Сарманов Мұрат Сатыбалдиевич.

Жер қойнауын пайдаланушылар және мұнай-сервис қызметтері кеңесі. Төрағасы – Андашев Ерлан Амангельдиевич.

Көлік және логистика кеңесі. Төрағасы - Жамашев Болат Маратұлы.
Құрылыс және ТКШ кеңесі. Төрағасы – Муханбетжанов Эльдар Бахытжанович.

Сауда кеңесі. Төрағасы – Құрманбаев Бауыржан Болатұлы.
Туризм және қызмет көрсету саласы кеңесі. Төрағасы – Айткужин Кенжебек Әлібекович.

Адами капиталды дамыту кеңесі. Төрағасы – Тишбаев Құрал Мұратұлы.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту кеңесі. Төрағасы – Амиргалиева Айгүл Маулышарифовна.

Өңдеу өнеркәсібі кеңесінің құрамы
Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі кеңесінің құрамы
Жер қойнауын пайдаланушылар және мұнай-сервис қызметтері кеңесінің құрамы
Көлік және логистика кеңесінің құрамы
Құрылыс және ТКШ кеңесінің құрамы
Туризм және қызмет көрсету саласы кеңесінің құрамы

